Жақсы қатын мен жаман қатын

Жақсы қатын мен жаман қатынның сипаты

Аққұба қатын алсаң бойы сұңғақ,

Қасыңа шақырғанда келсе зырлап.

Дауысы: «Әу» дегенде әрең шығып,

Кеудесі еңкейгенде етсе бұлғақ.
 

Аяғын, табағымен қойған жуып,

Сүйреңдеп сөз сөйлемес өсек қуып.

Бір сөзді екі сөз ғып еш айтпайды,

Көбейсін ұрыс-жанжал қайдан туып?
 

Еріне адал жүріп, болар серік,

Қуанар ғазиз құрбы жүзін көріп.

Білгізбей бар болса да, жоқ болса да, 

Тұрғаны әрқашан да қасын керіп.


Сыпаты жақсы қатын айтсам бітпес, 

Мадақтап жаман қатын ерін күтпес. 

Ұқсатса аз ба, көп пе тапқаныңды,

Кез келсе кедейшілік ештеңе етпес.


Болмайды пейілі сұлу жаман қатын, 

Білмейді үйретсең де сөздің салтын.

Ілмелеп салған жерден кекесіндеп, 

Қылады ұрыс-жанжал сөздің артын.


Кетеді таң атқан соң өсек бағып,

Еріне былшылдайды елді шағып. 

Қонаққа тамақ бер деп ептеп айтса, 

Жүреді теріс қарап, жыбыр қағып.


Кісіге күле сөйлеп келмес жанап. 

Былшылдар ел кезінше байын сыбап.

Таусылды күні-түні ет пен шай деп, 

Қонағын қыстай келген бәрін санап...


Орамал жерде жатыр, кірі батпан,

Салдырап аяқ-табақ қирап жатқан. 

Сүтіне шелектегі ит кеп тисе, 

«Кет!» деп те айтпайды оған, құдай атқан!

 

Өте керемет, әсерлі де шынайы сипатталған. Толық оқып көріңіздер.

"Махаббат қызық мол жылдардан" алынған.

Он саусағынан өнері тамғандар 6.02.2015 жариялады
116,265 сұрақ
295,203 жауап
152,913 пікір
61,091 қолданушы