Таусылмайтын махаббат 6.02.2015 жариялады

Махаббат бар жерде көз жасы қоса жүреді...

Адамның өмірі қысқа болғанымен, махаббаты ұзақ өмір сүреді...

Құштарлық - махаббат хабаршысы...

Құштарлықты көз айтады...

Жүрегін махаббат мекендесе, ең сараң деген адамның өзі ересен мырза болып кетеді...

Әдемі әйелдің әлегі көп...

Сұлу әйел сорға бітеді...

Көрікті әйелдің күйеуінен күдік арылмайды...

Сұлуға сұқтанушы көп...

Әйел махаббатының күші Жердің тарту күшінен кем емес...

Қызға жігіт жүз процент жақсы боп ешқашан кездеспейді...

Сезімді жүре-жүре жігітке өмір үйретеді...

Еркекті тек әйелдің махаббаты ғана балқытады...

Күшті махаббат қана күйеудің бойындағы кінәратты жеңеді...

Әйел деген ерекше еңбекші жұрт...

Ақылды әйел жаман жігіттен жақсы жар жасап алады...

Өзіңе өмірлік жар таңдау базардан ат сатып алу емес...

Жаман деген жігіттің де жақсылығы болады...

Әйелдің махаббаты - әлемнің тұтқасы...

Тұрақтылық - махаббат мұраты...

Сүйіскен жандар бір - бірінен алыста жүрсе, түс көрісіп, түшіркеніседі...

Өңде тән табысса, түсте жан жанасады...

Махаббат жалтыраған ұшқыннан лапылдаған өрт сияқты...

Кінә - кикілжің кілті...

Зеріккіш жанның махаббаты қайтарылмас қарызбен тең...

Тату болып, ажырау жаныңа түскен дақпен тең...

Сорлының әйелі сұлу болады...

Зұлымдық  қолына тек күшті махаббат қана түспейді...

 

Нақылдарға қосар ой көп. Жалғасын өз ойыңыздан құрастырып көріңіз.

Мысалы: "Құштарлықты көз айтады, тіл тілекті жеткізеді" дегендей. Әркімнің өз фантазиясы.

117,644 сұрақ
302,084 жауап
153,341 пікір
64,836 қолданушы