Ғашықтың түсі

Сүйіскен жандар бір - бірінен алыста жүрсе, түс көрісіп, түшіркеніседі...

Өңде тән табысса, түсте жан жанасады...

Түс... "Шын ғашықтар бір-бірін түстерінде көреді" дейді. Ғашықтардың түсі жайлы бірер сөз айтайық.

Ғашықтар көретін түстің төрт түрі болады:

  • Сүйгені тастап кеткен ғашық түсінде сүйіктісімен жақындап, қайтадан татуласып жүргенін көреді. ояна келсе, онысы түс болып, өкінішке батады. (-)
  • Сүйгені жақында, бірақ араларында әлдебір салқын жүрген ғашық түсінде сүйіктісінің өзін тастап кеткенін көріп, қатты өкініп, кейде өксіп жылап оянады. Бұл оның солай болып кетпесе игі еді деген ойының жалғасы. (-)
  • Сүйгенінің үйі жақын жердегі ғашықтың түсіне алыстап, аулақтап кеткен боп көрінеді. Бұған қатты қиналып, үрейлене оянған ол бұл түсі екенін, ғашығының ешқайда кетпегенін біліп, "уһ!" деп, өз-өзінен қуаныш табады. (+)
  • Сүйгенінен алыста жүрген ғашық түсінде  оның қасында болып шығады. Екеуі қосылып, қуаныш, рахат табады. Ал ояна келгенде оның бірі де жоқ болып шығады да, бұрынғыдан да күшті қайғы мен қасіретке батады. (-) *

Ұстамды әйел мен ұстамды еркек күлге көмулі қоламтаға ұқсайды, олар күлді аршып, өздеріне жақын келген жанды ғана күйдіреді.

Байқасаңыздар, (-) белгісі тек қайғылы аяқталатын түстерге қойылған. Яғни ғашықтардың түстері ылғи да бақытсыздықпен аяқталады. Жігіттер мен қыздар, сіздерге өңдеріңіздегі махаббаттың тек баянды, ұзақ және ғүмырлы болуын тілеймін. Лайым жаман түс көрмеңіздер.

 

*"Махаббат қызық мол жылдардан" үзінді

Таусылмайтын махаббат 6.02.2015 жариялады

1 пікір

Жақсы айтылған екен, шыныңда да !

116,035 сұрақ
294,403 жауап
152,841 пікір
60,365 қолданушы