Сумен ішкі құрылысты тазалау

Тибет медицинасының құпиялары.
Судың шипалық қасиеті мол.

су, мөлдір су, су қасиеті

Тибет медицинасында су тазалық әрі емдік сұйықтық ретінде жоғары бағалынады. «Пайдалы кеңестер» журналында бұл жөнінде былай деп жазылыпты:
«Йогтар ішкі құрылысты сумен тазалауды күніне бір рет жасайды». Ондайда тыныс алуға өкпе ғана емес, тері де қатысады. Адам күнделікті тері арқылы, тыныс алу жолдары және бүйрек арқылы 4 литр суды сыртқа шығарады. Біздің ағзамызда 70 пайыз сұйықтық болса, соның басым көпшілігі су. Ол асқорыту сөлінде, сілекейде, лимфа мен қанда, сондай-ақ ағзадағы барлық тіндер мен клеткаларда (жасушада) болады.

Көп адамдыр шөлді түрлі сусындармен қандырады. Ал ол сусындардың ағзаға қосымша күш түсіретінін, судың бөлініп шығуына кедергі келтіретінін бірі білсе, бірі білмейді.
Ағзада судың жетіспеушілігі зат алмасудың бұзылуына, қуық пен асқорыту мүшелерінің ауруына апарып соқтырады. Ағзада тұз көбейіп, буындарда, бүйректе, өт жолында жинала бастайды. Сондықтан көптеген аурулардың алдын алу үшін йогтар суды жиі ішіп отыру керектігін айтады. Ішетін су қайнамаған болуы тиіс. Ең пайдалысы - бұлақтың суы. Мұздың суы да шипалы болып саналады.
Қала пәтерлерінде суды мұздатқышқа салып, мұзды ертіп, бөлме температурасында жылыған кезде ішуге болады. Мұздың судың зат алмасуды жақсартады әрі ағзаға оңай сіңеді.
Кәдімгі кранның ас суын да ішуге болады, тек оны алдын ала тұндыру керек. Ас үй құбырының суын шыны, керамика, күміс, фарфор немесе ағаш ыдысқа құйып 30 минут хлорын тұндырады. Онан соң басқа ыдысқа алмастырып, ішіне күміс қасық салып қойса, ионданған су денсаулыққа аса пайдалы болады.

Су ішуді енді бастаған адамдар күніне 3-4 стақан ішеді, ал негізінде күніне 10 стақан су ішу керек. Оны бірте-бірте 12 стақанға дейін жеткізуге болады. Қыста күнделікті судың мөлшерін 8-10 стақанға дейін азайтады. Суды ішудің өзіндік ережесі бар, дұрыс ішіп үйрену де керек. Күні бойы әр 15-20 минут сайын 2-3 жұтымнан ішеді. Мұндай қалыппен 1 стақан суды 1-1,5 сағат ішеді. Ондай су ағзаға күш түсірмей, еркімен сіңеді. Су ағзаны жаңартып, бас ауыру мен шаршағандық басылады.
Суды күнделікті ішумен қатар ішкі құрылысты тазалауға арналған арнайы процедуралары да бар.
 

Вамана-дхаоти немесе асқазан тазалау

Йогтардың көзқарасы бойынша асқазан-ішек жолдары – адам ағзасының ас үйі. Сондықтан ол жерді таза ұстау керек. Көптеген аурулар асқазанда қалдықтардың қалуынан, асқазан-ішек жолдарында қақ тұруынан болады. Асқазанды тазалау арқылы созылмалы гастритті, өт жолын емдеуге болады. Әсіресе қышқыл төмендегендегі гастритке жақсы көмектеседі. Егер қышқыл көлемі жоғарылап кетсе, басти (тоқ ішекті сумен жуу) әдісі жақсы көмектеседі.
Асқазанды сумен тазалау әдісі вамана-дхаоти деп аталады. Ол асқазан тазалау мен жасанды құстырудың ең қарапайым жолы. Мұндай емді жүргізу үшін 3л қайнағанжылы су керек. Орындыққа отырып, суды жайлап, әбден құсқысы келгенше ішу керек. 3-5л су ішкеннен кейін легеннің жанына барып еңкейеді. Сол қолды асқазан тұсына қойып, оң қолдың 3саусағын көмекейге сұғып құсады. Бұл әдісті бірнеше рет қайталап әбден құсу керек.

Вамана-дхаоти әдісін таңертең ашқарында жасайды. Оған дейін душқабылдап, жуынып алған дұрыс. Себебі вамана-дхаоти әдісінен кейін денеге суық тигізбеу керек. Аталмыш емді біздің елімізде тамақты тойып жегенде немесе тамақтан уланғанда жасайды. Ал Үндістанда бұл күнделікті жасалатын тәртіп. Йогтар қант диабетінің алдын алу үшін вамана-дхаоти әдісін аптасына бір рет жасау керектігін айтады. Асқазанды қалыпты түрде тазалап жүрсе инсулин қалыпты бөлінетін болады. Алайда вамана-дхаотиәдісін жүрек ауруы, гипертрниялық ауружәне асқазан жарасы кезінде жасауға болмайды.
 

Басти – ішек тазалау

Ішекте тамақпен бірге кірген бактериялар, микробтар мен зиянды қалдықтар қалып қояды. Олар асқорыту жолында жиналып, шіріп, жаман ауруға шалдықтыруы әбден мүмкін. Ішек қаққа толғанда іш қатып, ағза толықтай уланады. Ішектің толып қалғандығынан ондағы зиянды заттар, сонымен қатар өкпе мен тері арқылы шығатын қажетсіз қалдықтар қанға тарап кетуі мүмкін. Уланған ағза аурушаң, жұқпалы ауруларға бейім болады. Ал ішек жолдарынтазалағаннан кейін тіпті оған тікелей қатысы жоқ аурудың өзі тез емделеді.
Ішекті клизмамен тазалау басти деп аталады. Басти ағзада пайда болған улы заттарды шығарудың ең тиімді жолы болып саналады. Басти диета және ашығумен қатар жасайды.
Басти процедурасын алғашқы күні кешкісін бастайды. Ұйықтар алдында оң қырымен жатып, тізені бауырға жинап, 0,5л жылы сумен клизма жасайды. Келесі күні кешке судың мөлшерін 1 литрге ұлғайтады. Үшінші күні ем жасалмайды. Тағы бір күн өткеннен кейін клизманы 1,5л сумен жасайды. Бесінші, алтыншы күндері демалып, жетінші күні 2л жылы сумен жасайды. Қосымша асқазан тұсын сағат тілінің бағытымен еппен уқалау керек. Мұндай процедурадан кейін адамның келбеті шырайланып, тыныс алу жеңлдеп, тілдің үстіндегі өңез кетеді. Сол сияқты тік ішек, асқазанда қышқылдың көбеюі және геморрой ауруларына шипалы.
Басти бір айдан соң қайталап жасап, сосын 2 айдан кейін, одан әрі 3 ай салып, кейін 4 айдан соң, сонан соң жарты жылда бір жасап тұрады. Тибет емшілері бастиді ішек толып қалғанда ғана емес, қалыпты түрде жасау керектігін айтады.

Ауыз қуысының күтімі

Асқорыту ауыз қуысынан басталады. Сондықтан оның таза, тістердің сау болуын қадағалау керек. Тіс шөткесінде микроб көп жиналатындықтан тазалауға арша бұтағын пайдаланған дұрыс. Ал тіс пастасының орнына ұнтақталған теңіз тұзын қолданған жөн. Тұзға бірнеше тамшы өсімдік немесе зәйтүн майын қосып, араласқан массамен тіс пен қызыл иекті 2-3 минут ысқылайды. Онан соң ауызды таза сумен шайып тастайды.
Тілді тазалауға да 2 минутуақыт арналуы тиіс. Тілді сұқ саусақпен ысқылайтын болғандықтан алдын ала тырнақты тазалап алу керек. Сонан соң тілді иекке жетердей етіп шығарып, тұзбен тазалайды.

Тамақ шаю

Тамаққа орналасан бадам-шабез (миндалин) иммундық жүйенің бір бөлігі. Ағзаны микробтардан қорғауға олардың да өзіндік үлесі бар. Сондықтан тамақты шаюды да әдетке айналдыру керек. вамана-дхаоти әдісінің тамаққа да пайдасы бар. Онымен қоса тамақ гигиенасы бадамша бездердегі өңезді алып тастауға ықпал етіп, ағзаны жұқпалы аурулардан, тонизиллит пен баспадан қорғайды. Тамақты шаюды тіл мен тісті тазалап болған соң жасау керек. Ол үшін 1 стақан суға жарты шәй қасық ас тұзын салып, ерітіндімен тамақты шаяды.

Салауатты өмір салты 6.02.2015 жариялады
116,035 сұрақ
294,403 жауап
152,841 пікір
60,365 қолданушы