Жатысыңыз қалай?

Америка психологтары адамның ұйықтаған кезіндегі жатысына , дене қалпына қарап ,оның мінез - құлқын анықтауға болатындығын тапты.Кəне, кім қалай ұйықтайды екен?

Бұйығып,бүрісіп, қол аяғын баурына тартып "қалаш" болып ұйықтайтын кісі - балалығымен қоштасқысы келмейтін жан.Олар көбіне өр мінезді адамның ықпалында жүреді.Өз беттерінше шешім қабылдар жауапкершіліктен қашады.Сондықтан жақсылыққа да,жамандыққа да бірдей еліктегіш.Ол мəселені ой таразысына салудың орнына кімнің ықпалы зор болса, соның жетегімен шеше салады.

Қолын жастанып шалқасынан жататын адам көпшіл ,ақкөңіл ,мейірімді  ,қамсыз , алаңсыз жандар.Олар кемшіліктерін білгенімен , ол туралы ойлануға тырыспайды .Парасатты қоршаған ортаға достық көңілмен қарайды.Ешкімге жаманшылық ойламайды.Бұл сияқты адамдармен қарым - қатынас жасау жеңіл, əрі өзі де кез келген ортамен оңай араласып кетеді.Ол отбасында да, қызметте де жанжалға жол бермейді.

Етбетінен жататын адам -   өз-өзіне сенімді , ұқыпты, айтқанынан қайтпайтын, тəртіп сүйетін жан.Күтпеген жағдайларға жаны қас, үнемшіл,сақ келеді. Сонымен бірге өз ойын ұсынуды , жетекшілік етіп , басқаруды ұнатады.

Бір қырынан тізесін сəл бүгіп жататын кісі - салмақты , көңілшек адам. Өте сирек жанжалдасады.Оған парасатты ой мен саналалық тəн. Мұндай жандар өмірдің əрқилы жағдайларына онша қиналмай-ақ көндіге салатын қасиетке ие жəне тұрмыстың қиын мəселелерінен шығар жол тапқыш.Оның бір кемшілігі - көздеген  мақсатына  жетуге батылдығы,  қайрат -  жігері мен табандылығы жетпейді.Мансапқорлығы жоқ.Ол əркез көлеңкеде елеусіз қалуды дұрыс санайды.Əсіресе, ол өзі сыйлайтын адамның көлеңкесі болса, соны мақұл көреді. Мұндай жандар айналасында қолайсыздық тудырмайды.

Адамның бірде олай, бірде былай ұйықтайтындығын ескере отырып,жоғарыда келтірілген мəліметтерді бұлжымас ақиқат ретінде қабылдауға болмайтынын ескертемін.Алайда жоғарыда айтылғандар негізінде шындық бар екенін өзіңіз де байқаған боларсыз. 

Қызықты деректер 5.02.2015 жариялады
116,035 сұрақ
294,369 жауап
152,840 пікір
60,340 қолданушы