Махаббат, сезім, ғашықтық жанұя.

Қадыр Мырза Әли (Махаббат,сезім,ғашықтық жанұя... )

1.Сен махаббатпен ойнасаң,тағдыр сенімен ойнайды.
2.Адам санасын болмыс билейді.Махаббат-болмысың...
3.Әйелді қорлау – анаңды қорлау:өйткені,өз анаң,екіншісі- балаларыңның анасы.
4.Ғашықтар жұмақты тірісінде көреді.
5.Ғашықтар,уақытша болса да,жұмақ тұрғындары.
6.Жігіт бақытты болу үшін оның өзі бір қызды бақытты қылуы керек.
7.Ғашықтардың арасындағы бір сәттік түсінбестік-сезімнің соқыр жаңбыры...
8.Сүйген екенсің таусылып сүй,екінші біреуге қарайтын хәлің болмасын!
9.Махаббат деп есіңнен айырылған күн мен есіңді жиған күннің арасын айтады...
10.Ғашықтың бір күні ғасырға татиды.
11.Ғашықтың көзі-өзге көз.Жеткізе алмайсың сөзбе сөз!
12.Адам ғана емес,бүкіл адамзаттың бағыты hәм бақыты(немесе соры)-МАХАББАТ.
13.Махаббат деген Құдайдың құпиясы.Оны ғашықтардың өздері де түсіндіре алмайды.
14.Жымия білген адамның жан жаны сұлу.Сүйе білмеген жүрек шикі етпен бірдей.
15.Отбасындағы ойран,ұрыс керіс алланың қаhарын туғызады.Мұнда алдымен балалар азап шегеді.Өзгесі түк емес...

Таусылмайтын махаббат 11.01.2015 жариялады

2 пікір

Махаббат журекти жаралап кететин сезим. Сол себептен махаббатка сенбеймин
Күрсінбеңіз, әлі-ақ нағыз махаббатыңызды кезіктіресіз)
115,849 сұрақ
293,674 жауап
152,787 пікір
59,778 қолданушы