Жапонияда жасауға болмайды...

"Әр елдің салты басқа иттері қара қасқа" - дейді біздің дана халық. Кейде отырып ойлаймын, осының бәрін қалай дәл тауып айтқан екен. Елімізде туристік саланың дамып келе жатқаны байқалады. Шет елдерге саяхаттап қайту бүгін де көп қиындықтар тудыра қоймайды. Қалтаң көтерсе болғаны, дүниенің төрт бұрышы сенікі. Ал енді оқу жөнінде, не болмаса жай ғана турист ретінде Жапонияға жолыңыз түсіп жатса мына жағдайларды ескере жүріңіз.

1. Кез-келген мейрамханаға кірсеңіз даяшылар жанын салып қызмет көрсетеді. Өзіңізді хан сезініп қалуыңыз да ғажап емес. Жапондықтардың түсінігі бойынша ең әдемі серверді, ең мықты маман жасайды және сол бойынша оларға жалақы беріледі екен.  Қызмет жағын саралап отырудың қажеті шамалы. Біздерде даяшыларға қалдырып кететін "чи-ви" деген бар. Ал Жапондарда олай етуге болмайды. Егер сіз ақшаны төлеп мейрамханадан шығып кетсеңіз соңыңыздан қуып жетіп ақшаңызды соңғы тыйынына дейін қайтарып береді. Тіпті дүкендерде сауда жасағанда да дәл солай. Абзалы қайтымын қалдырмай қайтарып алған дұрыс.

2. Егер өзіңізбен ұялы байланысыңызды алып жүрсеңіз онда оны әрқашан да дыбыссыз режимге қоюыңыз керек. Жапонияда барлығы дерлік қорауға ешқандай әуенді қоймайды, ешқандай музыка қолданбайды. Өйткенді ұялы телефондағы әуен айналаңызға қолайсыз жағдай туғызуы мүмкін.

3. Қандай да бір қоғамдық көлік, не болмаса метроларда, тіпті электричкада ұялы телефонмен сөйлеспеңіз. Поездқа мінген кезде ардайы белгілер көзіңізге оттай басылады. Аяғы ауыр әйелдер мен балалы адамдарға арналған орында вагонның бас жағында және соңғы жағында болады. егер сіз сондай бір жерге тұрып қалсаңыз, не болмаса бос орын болып отыра салсаңыз телефонды мүлдем қолданбаңыз. Қолданған жағдайда жізді жазаға тарпайды, бірақ сол жердегі адамдардан сөз есітуіңіз мүмкін. Себебі телефонның адам денсаулығына зиянының көп екенін оларп жақсы біледі. Жапондықтардың қағидалары солай.

4. Темекі тартатын болсаңыз, онда жағдайыңыз тіпті қиындайды. бірақ бұл тәжірибені біздің елде де қолданып көруге болады.Жапонияда кез-келген жерде темекі тартуға тыйым салынған. Тек арнайы рұқсат етілген жерлер болмаса... Көшеде сізді темекімен ұстап алатын болса штрая төлеуіңізге тура келеді. Мұның бәрі ұсақ-түйек боп көрінуі мүмкін бірақ полиция бөлімінде бұл мәліметтер сақталады, екінші рет Жапияға бара алмай қалуыңыз ғажап емес.. Темекі тартатындар үшін арнайы "Смокинг эрия" бар, яғни кіріп темекі тартатын жер. Мейрамханаларда темекі тартатындар үшін арнайы бокстар (бөлме) бар. Темекі түтіні соның ішінен шықпайды. емекі тарқыңыз келсе онда ол үшін арнайы орындар, тіпті арнайы мейрамханалар да бар екен. 

5. Токио әлемдегі ең таза қалалардың қатарына жатады. Себебі жол бойынан бір де бір қоқыс көрмейсіз.Темекі тұқылы тұрмақ мұнда қоқыстарды бөлек-бөлек етіп тастайды. Егер қолыңызда бөтелке болып, оны пластик тастауға рналған қоқыс жәшігіне сала алмайсыз. Көшеге қоқыс қалдырсаңыз заң бойынша жауапқа тартыласыз.

7. Кез-келген турист көрген білгенін суретке түсіргісі келеді. Бірақ, суретке түсірудің жөні осы екен деп телефонды шартылдата берудің қажеті жоқ. Әсіресе жас қыздарды суретке түсіру барысында сақ болыңыз. Себебі, олар осы сурет үшін сізден ақша өндіріп алуы мүмкін. Жапонияда ондайлар өте көп.  Сондай-ақ, белден төмен жерледі суретке түсіруден аулақ болыңыз.

Әзәрге осы. Шет елге шығарда тыныс-тіршілігімен таныс болған абзал. Кез-келген дүниеге дайын болып жүрген жөн. "Сақтықта қорлық жоқ" - деген. Біліп тұрсаңыз, бетіңізді ешкіп қақпайды.

Қызықты деректер 4.02.2015 жариялады

3 пікір

Сіздің жазбаларыңыз ұнап жатыр. Жазып жатқан елдеріңізге барып, өз көзімізбен көруге Алла нәсіп етсін. Күшті. :)
Рақмет! Алла сол күнді сізге де нәсіп етсін. )))
Әәә, содан екен ғой неге жапондық сериалдарда қоңырау шалғанда дыбысы вибрация режимінде тұратыны, енді түсіндім! Пайдалы жазба екен! Маған ұнады )
116,265 сұрақ
295,203 жауап
152,913 пікір
61,092 қолданушы