Арман қуып Алматыға бара жатырмын

2012 жылы алғаш Алматыға келіп қызығып кеткенмін, қалай болсада осында келіп тұрам деп.

Бірақ одан бері 3 жыл өткенмен келудің реті болмады.

2015 жылды жаңа қалаға арман қуып, ойымда жүрген істерді жүзеге асырсам деп келемін.

Алматыда ешқандай танысым да, туысым да жоқ екен.

Бірақ көп достар табамын деп ойлаймын. СЖ-лықтарменде көрісіп қалармын.

Қазақстанның ең шетінде тұрғандықтан Алматыда өтетін блогкемп деген сияқты кездесулер, семинарлармен, тренингтерге келе алмайтынмын.

Енді бәрін жақсылап қолға алу керек.

Алматыдан амиголар табамын деп ойлаймын және ИТ-тердің қатарына қосылу мақсатым бар. ;)

Шебер Елді мекендер 11.01.2015 жариялады

12 пікір

Қош келе жатырсың. Келгеніңде міндетті түрде хабарлас. Жақсылап отырып шай ішейік. :)
Иттер табасың деген үміттемін.
Иә рахмет, күнде СЖ-дамынғой. Жолда келе жатырғанда да сж-да болам
Чичарито басты қатырма )
Қай жылғы?                                                                   .
не қай жылғы?
Машинаң?))                                                         .
машина 2013, өзім 1990
О амиго, блог жазатын болып кетіпсіңғо) көрінбей кеттіңғо сен
Мен бе?

Алғашқы рет жазып көрейін дегем ) менен блогшы шықпайын сияқты
Еш қам жеме бауырым. Мен де ең алғаш осы Алматыға арман қуып оқуға келгенімде сен секілді көптеген ойлар мазалаған мені. Ол кезде ӘЖ түгілі ұялы телефоным да болмаған. Құдайға шүкір, осы сайттағы алматылықтар сені қолдап, әрі қарай ең сенімді де абзал достар табатыныңа сенімдімін! Ақ жол!
амин, рахмет.

Алматыға келгеніме үш күн болды. Алда әлі оңай болмайтыны сезіледі )
115,541 сұрақ
292,615 жауап
152,700 пікір
58,824 қолданушы