Жыр жаздым, жаным, саған тасқа қашап...

ССС

Кешіктіріп жолықтырдым өзіңді,
Қайнап жатқан тірлігімде тынымсыз,
Махаббатым сән құратын кез енді,
Сендік сезім қалмаса екен тек үнсіз.

Қол ұстасып бірге жүрсек несі бар,
Атқан таңдай көкжиектен арайлап.
Қажет болса жүрегімді кесіп ал,
Бірақ оны ұстау керек абайлап!

«Қыз Жібек пен Төлегендей!» демеп пе,
Олар сынды бола алмаймыз демек біз.
Махаббаттың ал жанры ерекше –
Ұлы теңеу болып қалад керексіз.

Ойламашы, «Қозы Көрпеш» деп мені,
Баян болсаң, жалғасады тосылу…
Екеуміздің арамызда, өйткені,
Баяғыдан жазылған ғой қосылу!

 

Тырна – Махаббат! 

Жақындап қалыпты-ау қыңыр күз,
Кетеді ізімен тырналар.
Сүйектен өтеді-ау қоңыр сыз,
Көңілде бір ұшқын мұң қалар.

Айықпас дерттей боп жаныма,
Жолымыз ендігі үзілер.
Табиғат секілді тағыда,
Махаббат уақытша көз ілер.

Тырнаны кетермін сағынып,
Құлақта қалдырған әуенін.
Жылармын сені ойлап, ағылып,
Қай жақтан бүр жардың мәуелім?!

Тамыздың батқандай төбесі,
Қырқүйек жақындап қалыпты.
Мәңгілік кетемін демеші,
Мен сенсіз болмаймын бақытты.

Тырналар оралар қайтадан,
Ауылына асыққан сен құсап.
Көңілді тербейді байтақ ән,
Біздерді күтеді болашақ!

 

Мұңға айналған сыр

Екеуміз егеспіз неліктен,
Ойымыз бір жерден шықпайды.
Құдай-ау, мұндайды көріп пе ең,
Жүрегім миымды ұқпайды?!

Әйтеуір арамыз алыстап,
Суықтап барады сеземін.
Жан сәулем өзіңді танып бақ
Түбі бір айналып келемін.

Дүние ақырын сырғиды,
Сағаттың естіліп тырсылы.
Басқаға нұрыңды құй мейлі,
Жармайды махаббат бүршігі!

Қалсада мәңгілік көңілің,
Жағармын қайтадан отыңды.
Өзгеріп кетседе өмірім,
Тазартқым келеді қоқымды.

Авторы: Марат ҚАНИЕВ

Поэзия 3.02.2015 жариялады

3 пікір

Жақсы шығыпты Мәке, жарайсың!
Жарайсың Марат. Ақындық өнерің бар екен, осы өнеріңді шыңдай түс. Алдағы уақытта өлең жинағың кітап болып шығып жатса таң қалмаймын.
Тамаша!Әлі де қаламыңыздан әдемі өлең шумақтары шығады деп сенемін.Талыбыңызға нұр жаусын!
116,035 сұрақ
294,369 жауап
152,840 пікір
60,340 қолданушы