"Ақыр заманның балалары бәрін біліп туады"

Колледж қабырғасында оқып жүрген кезімде, орта жастан асқан бір мұғалім біздерге қарап, "ақыр заманның балалары бәрін біліп туады" - деп бас шайқап өтетін. Неге бұлай айтатынын әуелде түсіне алмай таң болдым. Аздап көңілім де қалды ол кісіден. Себебі мұндай тіркесті мен тұңғыш есітіп тұрмын. Бір шатырдың астында болғандықтан, жолымыз бір, күнде көріп қалатынмын. Әр жолы көргенде неге олай айтқанын сұрағым келетін. Бірақ сәті түспей-ақ қойды ғой, тегі. Осылай жүргенде бірінші семестр де ақталып, елдің бәрі жаңа жылға қызыу дайындыққа кіріскен. Ал мен сол жауапсыз сұрақпен қала бердім.

Мереке қарсаңыда қаланың көрікті жерлерін көріп, қыдырғым келді. Құрбымның көне қоймасын біліп тура үйіне тарттым. Үйінде қонақтар бар екен. Жасы бес-алты шамалас бір қызбала жүгіріп ойнап жүр. Құрбым екеуміз бөлек бір бөлмеге кіріп өзімізше әңгіме айта бастадық. "Соңғы кезде Нұржанмен жиі ұрысып қала береміз" - деді құрбым күрсініп. Өзімше ақыл айтқан сымақ болып отырмын, әрдеңені бір көкіп. Сол кез есік қиясынан ашылып кіп-кішкентай балақай кіріп келді. "- Әпке, сен де қызықсың. Неге менің сестармның миын ашытып отырсың. Сендер жігіттеріңмен жиі ұрысасыңдар. Себебі, сендер өтірік айтуды және майысуды білмейсіңдер. Жігіт сендерден нәзіктікті сезіну керек.  Әпке, мені Сестраммен суретке түсіріп жіберші. Досым сұрап жатқан соған жіберейін деп едім" - деп сөзін аяқтады. Ал құрбымның аяғы аспаннан келді. Мен қалай тыныс алу керек екенін ұмытып қалғандай болым. Мына балақай мұның бәрін қайдан біледі?! Жанталасып жаңағы балақайды қайта шақырдық та сұрақтың астына алдық. Сондағы оның жауабы: "Достарым солай деген. Анама құрбылары ылғи хабарласып тұрады. Анамның әңгімесінен естідім. Интернеттен көрдім". Болғаны осы ғана... Ал оның жасын сұрағанымызда: "Менің жасым төртте" - деген. Құрбым екеуміз шалқамыздан түстік. Міне керек болса. Колледждегі мұғалімнің сөзі еріксіз ойыма оралды "ақыр заманның балалары, бәрін біліп туады".

Өз ойым 3.02.2015 жариялады

3 пікір

4 жасар баламен сұхбат. :)

https://cs1-36v4.vk-cdn.net/p3/8eabc6ae7e529d.mp3

Менің кішкентай қарындасым бар. Қылықтары өте тәтті. Байқағаным, шынымен де Ақыр заман балдары. Мені алдағысы келеді кішкентай болса да ))))
Соны айтыңыз. Өзіңе ақыл айтқысы келеді))))
Сіздің сұқбатыңызды тыңдай алмай қойдым. Қайта жүктеп көресіз бе?! (^_^)
116,035 сұрақ
294,369 жауап
152,840 пікір
60,340 қолданушы