Өз ойым 3.02.2015 жариялады

Зер салып қарап отырсам адам өмірі 40 баспалдақты саты сияқты екен. Айхай жиырма бесің де, орда бұзар отызың да, қыр асар қырығың да сол сол сатымен өрмелеген өміріңнің ішінде болады екен.Апам марқұм «Өмір 40 баспалдақтан тұрады,әр баспалдағың бір жас, яғни 1 жыл. Сол баспалдақтың соңы өмір базары, ол базарды аралап, жақсы-жаманды саралауға тағы 10 шақты жылың кетеді. Базарға жетсем болды, бәрін сатып аламын, қырамын-жоямын деп алып-ұшып барған көңіліңді сол базардағы ахуал сап басады. Үйдегі ойлап барған бағаны базардағы нарық бұзады деген сөздің мәнін сонда ұғасың. Сол базарды емін-еркін аралап, сол базардан жиған-түйгеніңмен енді төменге түсер 40 баспалдақпен төмен қарай қозғаласың. Міне Алла нәсіп қылып сол жолды 40 баспалдағыңмен (40 жас өмір) қайта қайта алсаң өте тамаша, көбі оған жете алмайды балам» — деп отырушы еді. Біздер сол базарда төмен қайтар баспалдақ алдында кезекте тұрмыз қазір. Ал кейінгі балалар сендер болсаңдар алып -ұшып сол базарға асығудасыңдар, сондықтан шамаларың келгенше бар қамдарыңды (оқу, қызмет, ұрпақ, жақсы мінез) базарға дейін, 40 жасыңа дейін қамдауға тырысыңдар, ал ол базарда нарықтың қалай қарай ауары жалғыз Аллаға ғана мәлім.

1 пікір

Өте жасқы. Осы жазбаны жазуға мына сұрақ түрткі болған жоқ па?
http://szh.kz/543615/жастан-басталады-адамдар-айтып-жатады
Сіздей ақыл айтатын ағаларымыз көп болсын. Рақмет.
117,268 сұрақ
299,815 жауап
153,153 пікір
63,873 қолданушы