"OK" сөзінің тарихы

Қазіргі кезде жастар арасында жаргон сөздер қолдану кеңінен тараған. Сонымен қатар орыс тіліндегі, ағылшын тіліндегі сөздерді араластырып сөйлеу де "модаға" айналды. Әсіресе, ағылшын тіліндегі "OK" сөзі ең көп қолданылатын сөздердің қатарында. Бұл сөздің ағылшын тілінен аударғанда "бәрі жақсы" деген мағынаны білдіреді. Бәріміз бұл сөзді осы мағынада қолданатынымыз белгілі. Ал, бұл сөздің тарихы қандай? Қайдан шыққан? Қандай мақсатта қолданылған? Осы жазбамда "OK" сөзі жайлы білетін бар мәліметіммен бөлісіп, осы сұрақтарға жауап бергуе тырысамын.

1. Бұл сөзді көбісі АҚШ-тың 8-ші президенті Мартин Ван Бюреннің туған жерімен байланыстырады. Ол Нью Йорк штатындағы Киндерхук қаласында дүниеге келген. Ол - АҚШ-тың туған тілі нидерландық болған тұңғыш президенті. Ван Бюрен өзіне "Old Kinderhook" деп аталатын лақап ат ойлап тапқан. Бұл ат "O.K." деп қысқартылып, 1840 жылы Демократиялық партияны жарнамалайтын жарнамалық сөзге айналады. Яғни "Old Kinderhook is O. K." деп қолданылады.

2. Екінші бір нұсқасы ағылшынның "all correct", яғни "бәрі дұрыс" деген сөзінің қате жазылған нұсқасынан алынған деген де деректер бар. Сонымен қатар АҚШ-тың 7-ші президенті Эндрю Джексон "all correct" сөзін неміс мәнеріне сай "oll korrekt" деп жазып, соны қысқартудан пайда болған деседі.

3. Француздар бұл сөз соғыс кезінде пайда болған дейді. Күнделікті рапорттарда қысқаша түрде "0 killed", яғни "өлгендер саны 0" деген мағынада қолданған. Кейін қысқартылып, "OK" деп айтып кеткен. Кейін Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ұшқыштардың арасында бір-бірлеріне ешқандай шығын жоқ, техникамен де ешқандай қиындық жоқ деген мағынада, бір-біріне "бәрі аман, бәрі жақсы" деп айту мақсатында кеңінен қолданылған.

4. Бұл сөздің шығу тарихы жайлы тағы да бір нұсқа бар. Ол - теңіз арқылы жүк тасымалдаушылардың "all keep" "бәрі сол қалпы сақтаулы" сөзін қателікпен қысқартып айтуы.

Қызықты деректер 3.02.2015 жариялады

1 пікір

Өте қызықты ақпарат. ok :) Енді смайликтің шығу тарихы туралы ақпарат жазсаңыз қатып кетер еді.
116,054 сұрақ
294,517 жауап
152,845 пікір
60,461 қолданушы