«Любимая» диетасы

диета,азу жолдары, азу

Сайтқа кіргелі беру біраз сұрақтарды оқып шықтым. Бір байқағаным , "Қалай арықтауға болады?" деген сұрақтар көп екен... Бүгін мен сіздермен менің көптеген таныстарым мен құрбыларыма көмектескен диетамен бөліскім келіп отыр.))

Алдын ала айта кетейін , денсаулығыңызда бір ақау болса, жасыңыз кішкентай болса , әлсіз болсаңыз немесе  төмендегі жазылған мәзірді ұстауыңыз күнделіктіден көбірек жұмыс жасайтын күндеріңізге тура келіп тұрса,   диетаға отырмаңыздар. Ал ,  денсаулығым жақсы, ерік күшім бар, шыдаймын, деген қыздарға сәттілік!

Бұл диета «Любимая»  деп аталады.  Диета  бір аптаға , яғни 7 күнге созылады. Арнайы мамандар жасаған.  Қазіргі кезде ең танымал диета болып табылады, сондықтан практика жүзінде де жақсы көмектесетінін дәлелденген.

Диета кезіндегі 7 күнге арналған мәзір:
1-күн. Қалаған нәрселеріңізді ішулеріңізге болады. Су, шәй, кофе, айран , бульон т.б.
2-күн. Көкеністер күні. Тек қана көкеністерден жасалған кез-келген салатты жеуге болады.
3-күн. Қалаған нәрселеріңізді ішулеріңізге болады.
4-күн. Жеміс-жидектер күні. 4 күнде сіз жеміс-жидектермен ғана тамақтануыңыз  керек.
5-күн. Нәруыздар күні. Құрамында нәруыз бар жұмыртқа ,йогурт, ірімшік  т.б. жеңіз.
6-күн. Қалаған нәрселеріңізді ішулеріңізге болады.
7-күн. Диетадан шығу күні. 2 қайнатылған жұмыртқа.

Кез-келген  жеміс.

Сорпа

Банан

Салат.

8-күні , яғни диетадан шыққан күні : 

1. Қайтадан 1-ші күннен  бастауға болмайды.

2. Бұдан басқа диеталарды бастауға болмайды.

3. Қолыңызға түскеннің барлығын аузыңызға сала беруге болмайды.)) 

Іске сәт!

Салауатты өмір салты 2.02.2015 жариялады

3 пікір

Сіз айтып жатқан көкеністерді қолдану екінің бірінің қолынан келе бермейтіні өкінішті. Ал негізінен адамды семіртетін нан екендігімен қаншалықты келісесіз. Нанды тұтынуды азайтып немесе қолданатын тағам түрінен шығарып тастасақ, қаншалықты нәтиже береді?
Қиын ғой бұл диета))))) Меніңше мучной заттарды азайтып,су көбірек ішіп,жиі қозғалыста болған дұрыс)))))
Диета ұстау әрқашан қиын , бірақ осыған шыдап,  арықтаған қыздар бар... Бақытгүл, сіздің айтқаныңыз дұрыс тамақтануға жатады. Негізі сол ПП мен спорт дұрыс)
116,054 сұрақ
294,517 жауап
152,845 пікір
60,459 қолданушы