Аяулым (қазақша фантастика)

Түн. Жаяу келемін. Күнделікті кешкі жиналыста болатын "ұлы айқай" бүгін ұзақ болды. Таңертен жауған қардың аязы су жаңа етігімнен да өтіп, тұла бойымды тоңдырып келеді. Қараңғыдан қорқыңғырап аяғымды тез-тез басамын. Бойымды үрей алып, тоңып тұрсам да маңдайым терлеп кетті. Әйтеуір, қуыс көшелерден де өттім-ау. Ескі асфальт заводтың маңынан өтіп, Жезқазған трассасына түсіп алсам, үйім де алыс емес. Завод жақтан өте бере, бір адамның қарасы көрінді. "Қорыққанға қос қорінеді" деп, өзімнің сужүректілігіме өзім де күліп қоямын. Жоқ, әлдекімнің маған қарай келе жатқанын анық естідім. Кішкентай қыз баланың даусы:

- Ағай, ағай тоқтаңызшы, бүгін қай күн?-дегеніне, селк ете қалдым.

 - Кімсін?.. Қайдан жүрсін?.. Жалғыз жүрсін бе? Кіммен жүрсін? Үлкендер қайда? - деп баладан қоқып кеткенімді жасырғым келіп, сұрақ астына ала бастадым.

- Жалғыз жүрмін, мамамдардан адасып қалдым, ағай.

- Қайда адасып қалдың? Үйін қайда? Жүр мен сені үйіне дейін апарып тастайын, - деп менің биыл үшіншіге барған бөле қарындасыммен шамалас қызға анықтап қарай бастадым. Сүп-сүйкімді қыздың жұқалан киінгенің көріп, дереу өзімнің де тоңғанымды ұмытып, адамдық борышым деп қалың курткамды шешіп, қызға киіндіре бастадым. Менің белімнен сәл асатын курткам, сүйкімді қыздың тізесінен де төмен түсіп, шұбатылып қалды.

- Ал, балақай, жол көрсет. Үйіңді тауып бара аламыз ба? - деп еңкейіп қарап қоямын, мені мүлдем бөтенсінбейтіні аңғарылады. Туған ағасындай көріп, еркін сөйлейді.

- Осы көшемен ескі арыққа жетпей мынау жаққа бұрылғанда үйім көрінеді, - деп өзіне ұзын болып тұрған күрткамның жеңін салақтатып қолын сол жаққа сермеді. Бұл ауданға көшіп келгеніме аз уақыт болмаса да, трассаның екіге айырылған жерінен сол жаққа қарай барып көрмеппін. Менің үйім оң жағындағы тар көшеде, естуімше сол жақта Кеңес Одағынан бері келе жатқан бейіт бар. Сол маңда жаңадан салынған үйлер де болу керек деп баланың айтқан жағына қарай баяу жүріп келеміз.

 - Мама-папаң сені іздемей ма? Қалай адасып қалдың?

- Іздейді, олар мені таба алмай жүрген шығар. Біз, мамам, папам, інім төртеуміз орталықта тұратын атамның үйіне бара жатқанбыз, інім әлі жүре алмайды: Папа оны мойнына отырғызып алып келе жатқанбыз, алдымыздан машинаның жарығы көрінді, мен жерге құлап түстім. Орнымнан тұрғанымда мамаларды таба алмадым. Папа ескі заводта жұмыстейтін, заводқа барсам онда да ешкім жоқ, сосын сізді көріп..., - ары қарай өзін де білесін дегендей үндемей қалды. Даусы да сүйкімді, нәзік болса да үлкен адамдарша асықпай, анық сөйлеп келеді.

- Мына жақтап бұрыламыз ба? - деп біліп тұрсам да қайталап сұрадым. Үндемей қалса, біртүрлі бойымды үрей билейді.

 - Иә... Ағай, рахмет сізге, ары қарай өзім баруым керек, - деді. - Ары қарай үйді өзім тауып бара аламын, сізге баруға болмайды, сізге әлі ерте. Сіз мына әлемге әлі керексіз, мен өзім барамын, - деп курткамды шеше бастады. Баланың бейітке жақындағанда аяқ астынан бұлай деуі мені мүлдем үрейлендіріп жіберді. Сөйлеуге тілім күрмеліп қалғандай, сөз шығара алмадым. Еріксіз қолыма ұстатқан курткамды алып аяғымды да баса алмай тұрып қалдым. Қыз мұңайған даусымен:

- Сіз жақсы жансыз, мен сіздің үйіңізге барамын. Ағау, менен қорықпаңыз, енді мен кетуім керек, - деп бұртиып, артына қарамастан жігіріп, қарағыңа еніп кетті. Аяғым енді икемке келе бастағандай, дереу тілімді кәлимаға келтіріп, білетін пісіміләмді айтып, бұрылып өз көшеме түсіп, үйге қайттым. Түтігіп кеткен түрімді көріп, келіншегім де қорқып кетті. Үндеместен түпкі бөлмеге барып көрпеге орнанып жатып алдым, келіншегім жұмыстан шаршаған болар, жайсыз хабар естіген болар деп болжап мазалап қасыма келмеді. Ертеңіне келіншегіме жеті нан таратқызып, болған жайтты көршім, әрі нағашы ағама айтып бердім. Кейін білдім, осыдан тура бір жыл бұрын ауданымызға жақын маңда жүк көлігі білдей бір отбасыны қағып кетіпті. Ерлі зайыптылармен қоса, алды айлық сәбилері де тіл тартпай сол жерде жан тәсілім етеді, тек он жасар қыз ғана ауыр халде бір жыл комада жатып, маған елес көрінген күні ол да жан тапсырыпты. Газеттерден сол жазым оқиға туралы оқып, кішкентай қыздарының аты Аяулым екенін біліп, соның құрметіне тоғыз айдан кейін дүниеге келген қызымның атын да Аяулым қойғыздым.

Автор: Биология)

Ақ парақтағы ойлар 11.01.2015 жариялады

1 пікір

Мистика шығар фантастика емес.
115,849 сұрақ
293,674 жауап
152,787 пікір
59,778 қолданушы