"Снайперы. Любовь над прицелом" фильмі жайлы

Тарихты сіз бенен біз жақсы білеміз. Бұл фильм Ұлы Отан соғысы жылдарындағы бір махаббат тағдырын баяндайды. Мүмкін, жастар жағы қызықпас. Ал, үлкен кісілерге міндетті түрде көруге кеңес берер едім.

1939 жыл болатын, Германия мен КСРО арасынжағы шабуыл жасаспау туралы шартқа қол қойылды. Кеңес қызы, оқушы Катя жас неміс жігіті Аленсандрмен танысады. Екеуінің де әкелері мемлекеттік маңызы бар істердің бастамашылары болатын. Оларды байқамай таныстырған да сол өз әкелері еді. 

Бірақ сайқал саясат қоя ма, неміс жігітінің  досы  Александрдың әкесінің айтуымен Катяның әкесін трибуналға сүйрейтін аса маңызды құжаттарды Катяның үйіне жайып тастап, оның әкесін ұстатып жібермекші болады. Тек тез арада ол қағаздардың көзінің жойылуының арқасында Катяның әкесі аяқ астынан жетіп келген тексерістен әупірімдеп  аман қалады. Бірақ ол соғыс басталған бойда өзінің өлім жазасына кесілерін білмеген еді...

Катя мен Александрдың арасында жастық махаббат болады. Әрине, жалын жастықтың барлық сезімдерінің өршитін шағы емес пе? Бірақ Александрдың қоштасу хаты сүйіктісінің қолына жетпей, досына түседі. Досы бұл хатты құртып, Александрмен бірге Германияға қайтады. Ал Катя өз ғашығынан бір ауыз да хабар ала алмастан әке жанында қала береді...

1941-дің жазы туып, Германиямен соғыс басталады. Тағдыр екі жастың өмір жолын тағы қиыстырды, тек бұл 1943 жылы олардың өздері де күтпеген жағдайда орын алады. Олардың екеуі де шебер мерген (снайпер), мергендер тобының командирлері. Біздің мергендер тобын Катя, ал неміс мергендерін Александр бастайды. Вермахт шегініп барады, жолай шегінген немістер маңыздың өндіріс обьектілерін жарып жібермекші болады. Олардың ішінде гидроэлектростанция да бар. Кеңес мергендерінің мақсаты - гидроэлектрстанцияның жарылуын болдырмау, ал немістер тобы, керісінше, оны қорғау. Екі жақтан да мергендер күзетеді, Катя мен Александрдың топтары қатал ұрыс даласында кездеседі.

Міне, осы кезде нағыз махаббат болады: Александрдың сүйгені үшін басын қатерге тігіп Кеңес офицерінің формасын киіп келуі, өз досын сатуы, Катяның жігітін өлімге қимауы, Отанын да сатпау, тағы да басқа алуан түрлі сезімдер осы фильмде қиылысады.

Кино 2012 жылдың 17 желтоқсанында жарыққа шықты. Драма, боевик жанрындағы бұл кино Ресейде түсірілген. 

Түсірілімдер Мәскеу мен Перелавльде жүрген. Сериал түсірілместен бұрын мергендер рөлінде ойнаған актрисалар Татьяна Арнтгольц, Валерия Ланская және Светлана Устинова, әскери дайындықтан өткен, оларды шебер атуға машықтандыруға, сапта жүруге, окопта еңбектеп жүруге баулыған. Бұл фильмнен бұрын режиссері (Зиновий Ройзман) "Последний бронепоезд" (2006) киносын түсірген болатын. 8 сериядан тұрады.

Егерде бұл фильм қазақшаға аударылса "Майдандағы махаббат" деген атау лайық болар еді...

Кинода ойнаған әртістер, онлайн көру.

Кино 2.02.2015 жариялады

4 пікір

көргенмін,неміс пен орыс қыз арасындағы махаббат жайлы.дұрыс шығарылмаған кино деп ойлаймын
Неліктен? Өте әдемі кино ғой.
өтірікқой нағыз,
Жақсы. Бір уақыт тауып көріп шығу керек екен.
116,035 сұрақ
294,371 жауап
152,840 пікір
60,340 қолданушы