"Кірпіш" нокианың пайдасы

Нокиа 1280 (кірпіш нокиа, жәйфон, "простой" сотка) — Series 30 платформасында жұмыс жасайтын қарапайым ғана стильді ұялы телефон. 

  • 800 mAh қуатпен жұмыс жасайтын аккумулятордың арқасында  528 сағатқа дейін жұмыс жасай алады.
  • Музыка тыңдармандарына 3.5 мм аудио шығыс бар. Радиоқабылдағышы басқа телефондарға қарағанда сапалы. 
  • Салмағы жеңіл - 82 г. Қалтаңызда жүргенін сезінбейсіз. "Тонна" планшетке қарағанда кез-келген қалтаға сия береді.
  • Көлемі де кіші -  107.2 x 45.1 x 15.3 мм. Сондықтан құлағына арбиған айфондарды апаратын адамдар үшін бұл - керемет мүмкіндік.
  • Телефон заряды 8.5 сағат бойы желідегі сөйлесу уақытына жетеді, сондықтан телефонға байланысты әңгімелесушімен арада еш кикілжің болмайды.
  • Желіні (сеть) жақсы тартады. 3G, 4G, H қанша мықты болғанымен тау-тас пен құм арасында бұл аппараттан артығын таппайсыз.
  • 2009 жылы жарыққа шыққанын да ерекшелігіне жатқызуға болады. Күн сайын соңғы моделі шығып жатқан телефондарға таласқаннан гөрі осы жақсы.
  • Соңғы атауы телефонның дисплейіне байланысты туындаған еді. Бұл нокианың экранының типі:  LCD (Liquid Crystal Display), ең алғашқы дисплейлер, Мұның бір артықшылығы - түсті бейнелердің болмауынан энергияны аз жейтіндігі.  Олар (сіз "кірпіш" деп атайтын нәрсе) жарық шашпайды, сондықтан, байқап қарасаңыз, олар жарық түсіретін лампалармен жабдықталған. Түсті әрі бейнелі көрініске бола өз денсаулығыңызға зиян келтіргеннен гөрі өте сапалы "қара-ақ" көріністі тамашалаған әлдеқайда пайдалы болар.
  • Жарығы, яғни фонарі бар. Ол да токты көп шығындамайды. Оны қосудың ең ыңғайлы жолы осы телефонда орнатылған: бар жоғы жоғарғы сілтеуішті екі рет басасыз.
  • Колонкалары ешқашан басқалардікіндей "құмға толып" немесе жарылып кетпейді. Әрқашанда бірқалыпты, өте жоғары шығатын дыбыс. Осының арқасында оятқышы мүлтіксіз жұмыс жасайды.
  • Сізге хабарласқанда, вибро және дыбысты қатар қоссаңыз, біреудің сізді ала алмай жатқанын елемей қалу мүмкін емес. Қанша жастықтың астында жатса да сіз оны байқайтын боласыз.
  • Дыбысты байланыс (громкий связь) бар, бұл да колонкаларының арқасында тиімді. 
  • Дыбыспен теру (голосовой набор), қоңырауды ұстап қалу (удержание звонка), кіріс-шығыс қоңырауларды оңай, әрі тиімді бақылап отыру да бұл аппараттың ең пайдалы тұстарының бірі.
  • T9 тілі, онымен қоса маңызды республикалық деңгейдегі, өзімізге түсінікті 3 тіл бар. Қажетсіз, өмірі қолданбайтын артық жүйе тілдерінен гөрі осы жақсы - көп жад алмайды.
  • Өзгермелі профильдер бар, өзіңізге ыңғайлысын таңдай аласыз.
  • Органайзерде әлемдегі ең  интерфейсі түсінікті құралдар орналасқан.
  • Телефон жады 500 жазбаға дейін сақтай алады.
  • Қысты күні қолғапты шешіп, құр экранды жылжытпайсыз. Кнопканы қолғаппен-ақ баса бересіз. Сенсорлардан ең бір айрықша артық тұсы осы.
  • Зеріккенде жүйелік ойындары да жетерлік.
  • Және соңғысы - сына қоюы қиын, қаншама биіктен,  қанша қатты жерге құласа да талқан болуы екіталай.

Кәні, осындай ерекше аппаратты "бұл ең жаман сотка" деп кім айта алады? Өзіңіздің ең алғашқы телефоныңыздың қадірін ұмытпаңыз. 60 мыңның айфонын жоғалтқанда, 3 мыңның жайфонының қадірін түсінетін боласыз.

Ұялы телефондар 2.02.2015 жариялады

5 пікір

дұрыс айтады,қанша галаксилердің қаншасы  сынды,суға түсіп істемей да қалды,ал простой сотка ешқашан сынбайды екен.Тіпті кейбір кезде әзәілдеп қоятынымыз бар,мына құрғыр ешқашан сынбайды екен деп
Нокиа с-1дің тегін жарнамасы немесе 31 артықшылығының негізгі оны
Біріншіден, батарейкасы ұзаққа жетеді.
Екіншіден, қолыңыздан түсіп кетіп шашылып қалса, қайтадан құрап алып сөйлесе бересіз.
Үшіншіден, студент қарындасың "аға бере тұрыңызшы, қандай әндер бар" деп нервыңызды тоздырмайды.
Төртіншіден, өзің анда-санда бір көретін дос балаң: "блютузыңды қосшы, менде жынды прикол бар, жіберейін" деп арзандамайды.
Бесіншіден, саған бұзақылардың гоп-стоп жасау қаупі 61 пайызға аз болады.
Алтыншыдан, кез-келген кафеге ұмытып кетсең, афсаңка кыз артыңнан шығып: "ағай телефоныңыз қалып кетті" деп әкеп береді.
Жетіншіден, алтыншы артықшылығы арқылы бір адамның тозақ отына тағы бір қадам жақындауына себепкер болмайсыз.
Сегізіншіден, біреу ызбандап қалса былайырақ шығып сөйлесуіңіз арқылы мақтаншақ деген жаман аттан аулақ боласыз.
Тоғызыншыдан, көңілін қимас жақын адамың қарызға ақша сұраса: менде ондай ақша қайдан болсын десеңіз, оның сенуіне жанама себепкер бола алады.
Оныншыдан, өзіңді-өзің суретке түсіріп, ФБға қайта-қайта салып "сүйкімді қыздардың" қатарына қосылмайсың.
Жақсы, жақсы. Рахмет сізге. :))

Ал менің ең алғашқы ұялы телефоным Nokia 6230i болатын. Былайша айтқандай Айка. Жарықтың сұмдық керемет телефон еді өзінің заманында. :)

Қазір ше? ))
116,264 сұрақ
295,192 жауап
152,913 пікір
61,078 қолданушы