Есеппен отасқанның есебі түгел ме?

Жақында Қалқаман Саринның "Кеш емес " бағдарламасын көрген болатынмын. Бағдарламаның тақырыбы "есеппен отасқанның есебі түгел ме" болды.

Махаббат!Талай ақын, даналар жырлап өткен махаббат, талай жастар жолыңда құрбан болған махаббат, талайдың жанын қинаған, біреулер өмір бойы іздеген махаббат. Біреулер махаббатты таптым ау деп үйленсе, біреулер махаббат шығар деп үйленіп жатады, енді біреулері, байлығы болса болды, махаббат кейін келер деп отбасын құрып жатады.Бай адамға тұрмысқа шықсам, молшылықта, бақытты өмір сүремін деп қыздар армандаса ,  жігіттер үйің бар ма, машинаң бар ма деп жағдайыңды сұрап біліп жатады. Ал шынайы бір бірін сүйіп үйленген адамдар үшін бақыттың өзі байлық болып есептеледі. Бұндай жанұялар махаббаттарының арқасында талай асуды асырып, мол байлыққа кенеледі. Ал бай адамға шыққан немесе үйленген  адамның байлық кеткен жағдайда оның  да кетіп қалмасына кім кепіл?Ұрыс керіс пайда болады, береке кетеді. Байлық байлық емес бақыт байлық деп есептеймін. Ал, мүмкін, есеппен отбасы құрған екі жастың арасында сыйластық болса, махаббат та туындар?

Құрметті, сайт қолданушылары, қалай ойлайсыздар, махаббаттан байлық пайда бола ма, әлде байлық та махаббатты тудыра алады ма?

Өз ойым 1.02.2015 жариялады

4 пікір

Жігіт толковый болса, кедей болып қалмайды. Махаббаттан бұрын сыйластық болу керек, бұның жауабы Әзілхан Нұршайықов ағамыздың "Мәңгілік махаббат жыры" деген кітабында түсінікті, нақты жауаптары бар)
Кеш еместі көрген едім мен де. Бір қыз барлығына қарсы шықты,байлығы болу керек,кейін сезім өзі пайда болады деп. Жалпы,жігіт те,қыз да қандай болса да,бір-бірін сүйіп үйленген дұрыс сияқты!!! Байлық үшін үйленіп керегі не,сүймейтін жанмен өміріңді  қор қылғанша? Байлық фәни дүниенің өткінші өтірігі. Ең бастысы,бұл жалғанда адамшылық пен жүректегі махаббатты сөндіріп алмау қажет. Алланың өзі пендені махаббаттан жаратқан. Сүйе білсең,сүйікті бола білсең-нағыз бақыт осы! Ал дүниеқоңыздықпен байлыққа қызығып үйленудің соңы бақыт болып кетеріне мен сенбеймін.
Байлық махаббатты тудырады.
Бүгінгі күннің өзекті мәселесі мен көкейкесті әңгімесі деп көрсетуге болады. Сананы тұрмыс билеген заманда "махаббатты ақшаға табуға болады" деп жүрген жандар қаншама. Әр қайсысының іштері біледі. Өмір бір-ақ рет біріледі соны ұмытпау керек. Жаныңда жалғыздық болған кезде жылтыраған алтын жалғыздығыңды жоя алмайтыны анық. Адаспаған абзал.
116,035 сұрақ
294,403 жауап
152,841 пікір
60,365 қолданушы