Неге үйленбей жүрсің? Жасың біразға келді ғой...

үйлену, үй болу, уйлену

Жақында бір үлкен ағам маған былай деді:
— Неге үйленбей жүрсің? Жасың біразға келді ғой..
— Аға, бірінші жағдайымды жасап алайын, сосын жақсы үй салайын, керемет көлік мінейін. Сосын өзім де үйленемін, - деп сенімді жауап
бердім.. Ал ол былай жауап қатты:
— Ақымақ!!! Қазір үйленгенің дұрыс. Себебі, қазір сенің қолыңда өз мүлігің жоқ. Үйленіп ал, қалғанын сүйіктіңмен бірге жасауға болады ғой. Дәл осы жағдайда үйленсең, ол сенің байлығыңа емес, өзіңе ғашық екенін біліп, сенімді жүресің. Ал егер жағдайыңды түзеп үйленетін болсаң, мынаны есте сақта: сенің үйің, ақшаң, көлігің, байлығың бар кезде саған кім тұрмысқа шықпайды?? Ол уақытта кез- келген қыз саған тұрмысқа шыққысы келеді. Еш ойланбай құшағыңа жата кететіндері де табылады. Ал сол байлықтан түк қалмайтын болса, ол да сенен алыстайтын болады. Өз ақшаңды махаббатқа айырбастауға болмайды. Уақыт өте келе қартайғанда, сұлулықтан түк қалмайды!!!
Ал ақша — қолдың кірі. Бірде — бар, бірде — жоқ!!! Ал махаббат ешқашан сенен кетпейді!!!
Осыдан соң терең ойға баттым.

Пайдалы кеңестер 1.02.2015 жариялады

9 пікір

Бұл шынымен сенің ағаңның сөздері ме?)
Бұрын бір жерден оқып едім, отбасын асырай алатын болғаннан кейін барып үйлену керек ғой сонда да..
Мен де оқығам)
вк-дан оқығанмын)) жалпы жақсы жазған,кім жазса да.
Дұрыс екен. Бірақ, мен жағдайымды дұрыстап, үй-көлік, мүліктерге ие болайын, сосын үйлене берем, жасым 18де.
Хм, меніңше дұрыс  емес. Жігіт бар жағдайын жасағаннан кейін үйленуі керек. Үйлену тойын жасағанда да ата-анасына ауыртпалық түсірмейтіндей етіп,  әйелін дұрыс жерге әкелуі керек қой. Әрине , көлік пен үй алу қиындау болуы мүмкін , бірақ тұрақты жұмысы , қолында біраз қаражаты болуы керек қой.
Қазір қыз да бала да есепке қарайтын секілді. Егер екеуінің жастары 20-21-ден асса. Оған дейін 18-жаста махаббат деп үйленіп кетуі мүмкін. Бірақ жастары 20 дан асса оқыған ба, оқиды ма, әке-шешесі қандай, қайда тұрамын т.б. дегендей есептермен үйленетін секілді.
Дұрыс! Егер бір отбасын асырауға шамасы келмесе ата-анасына салмақ салмағаны жөн. Сондықтан қарекетте берекет бар.
"Әуелі өз жағыдайымды жасап алайын, сосын үйленермін (күйеуге шығармын)" - деп жүргендер көп. Жастары 30-дан асқаннан кейін сондайлар бір-біріне үйленіп, 1-2 балалы болғаннан кейін ажырасып жатады. Ондайда әйел жағы ұтады.
116,054 сұрақ
294,517 жауап
152,845 пікір
60,459 қолданушы