Жылқы бір қасиеті.

Ең ақылды жануарлардың бірі жылқы екендігінде дау жоқ. Бір мысал келтіре кетейін,сонау 1950-1960ж.ж. шамасында тың игеріліп жатқан солтүстік аудандардың бірінде 6-жасар бүлдіршін жоғалып кетеді. Қыстың күні, сұмдық аязды уақыт болса керек. Бүкіл ауыл, тайлы-таяғы қалмай іздесе де таба алмай,салдары суға кетіп қайтып келе жатқанда айдалада топтасып тұрған бір үйір жылқыны көреді. Әдетте шашырай жайылатын мал тұқымының топтаса қалуына таңырқаған адамдар солай қарай беттейді. Келіп қараса,мынаны қараңыз екі күн бойына іздеп таба алмай жүрген бұлдіршін топ жылқының ортасында жатыр дейді. Адамдар жапа тармағай қараса әлі жаны кеудесінде,бірақ екі күнде әбден әлсіреген. Сонда ғана адамдар айдалаға адасып шығып кеткен баланы жылқылардың кезек-кезек демімен жылытып отырып ,үсіктен аман алып қалғанын түсініп, жылқы малының ақылдылығына, қасиеттілігіне тәнті болған екен.

Қызықты деректер 1.02.2015 жариялады

4 пікір

Керемет )
Ат ең ақылды жануар деп білемін.

Ат жауырынын, ал есек тұяғын төсейді деген сөз осыдан қалса керек. Есектен құласаң, оңбай құлағаның былай тұрсын артқы аяғымен теуіп кететіні бар. Ал аттаң құласаң, қасыңнан кетпей тұрып алатыны бар.
Жақсы блог екен.
Білмейді екенмін.
116,035 сұрақ
294,369 жауап
152,840 пікір
60,340 қолданушы