Кореяда істеуге болмайды...

корея, оңтүстік корея

Ергер сапарлатып, Корей еліне жолыңыз түсіп жатса ескеретін ережелер бар. Корей жерінде істеуге тыйым салынған дүниелер біздің қоғамда күнде көріп жүрген құбылыс. Үйреншікті жағдай деп айтуға да болады. 

Сонымен:

1. Қоғамдық көліктерде метро, автобустарда мүгедектерге, аяғы ауыр әйелдерге, баламен мінген жолаушыларға және қарапайым жолаушыларға арналған орындар бар. Бұл орындарды бір-бірінен түстері арқылы ажырата аласыз.  Яғни сіз қарапайым жолаушыларға арналған орынға емес осы аталған орындықтардың біреуіне барып жайғассаңыз ол сондай дөрекі боп көрінеді екен. Егер сіз Сеульде жүріп осындай білместік жасап қойсаңыз ештеңе етпеуі мүмкін, бірақ оң түстік жақта бұған қаталдау қарайды. Тіпті, сол үшін жақсылап сөз етіп алуыңыз да ғажап емес.

2. Қоғамдық көліктерде дауыс көтеріп сөйлеуге болмайды. Әсіресе қалааралық қоғамдық көліктерде, поездарда қатты сөйлемеуге тырысыңыз. Өйткені көп жағдайды жолаушылар ұйықтап жатуы мүмкін. Есесіне орта жастан асқан ересектерге қоғамдық көліктерде дауыстап сөйлеуіне болады. Сіз оларға ешқандай ескерту жасай алмайсыз. Жастар жағына тыйым салынған. Бұл олардың үлкендерге деген құрметін екен. 

3. Егер сіз сондай бір жақсы дүние көріп қалып, оны жаныңыздағы досыңызға көрсеткіңіз келіп қол бұлқап шақырсаңыз (шақыру барысында сақ болыңыз) онда сіз саусақтарыңызды төмен қаратып шақырасыз. (Ал біз жақта керісінше). Егер сауақтарыңызды жоғары қаратып шақырсаңыз онда оны кәрістер түсінбеуі және өте дөрекі көрінуі мүмкін. Себебі олар итті осылай шақырады.

4. Қасықты не бомаса таяқташаны кеседегі асқа тігінен қадап салуға болмайды. Себебі кәрістерде адам о дүниелік болғанда не болмаса бақилық болғандарды еске алу кезінде солай етеді.

5. Әйелдер қауымы декольтені көрсетіп киінуге болмайды. 

6. Кәрістер бөтелкенден су ішкенде, тіпті әлде бір досымен тілдесіп отырып шарап кішкен күннің өзінде олар не стақанды, не бөтелкені ауыздарына салмайды. Мұны олар аса жақтыра қоймайды. Бөтелкені еріндеріне де тигізбейді екен.

Жоғарыда біз көрсеткен ережелер оң түстік Корея жақта қатты сақталған және қаталдау. Керек десеңіз оларда сұқ таусағыңызды шұлғып жолды да сілтей алмайсыз. Жол сұрап не жөн сілтегіңіз келсе екі қолыңызбен бірдей жұмыс жэасауға тырысыңыз. Саусағыңызды шошайтып алде бір затты көрсетуден сақтаныңыз. Әсіресе жаныңызда орта жастағы кәріс халқының өкілі жүргенде.

Қызықты деректер 1.02.2015 жариялады

6 пікір

Болашақша Сеул қаласына бару жоспарымда бар. Құдай қаласа сәтін салып бара қалсам, міндетті түрде естен шығармаспын. Рахмет.
Сізге тек сәттілік тілеймін! Жоспарыңыз оңынан орындалсын.
Қызық екен. :)
Жақсы кеңес екен. Бірақ, туристтер көп баратындықтан жергілікті тұрғындар түсіністікпен қарауы да мүмкін ғой.
Тіпті стақанды еріндеріне тигізбейді екен, сонда олар қалай ішеді ?
Кәдімгідей ішеді ))
116,053 сұрақ
294,506 жауап
152,845 пікір
60,451 қолданушы