Интернеттен ақша табуға бола ма?

интернет ақша

"Интернеттен ақша табуға бола ма?" -деген сұрақ қоюшылар әбден шаршатып жіберді. "Жоқ" десем, оңай құтылатынымды білемін. Бірақ ол менің тарапымнан өтірік айтқандық болады. "Иә" деймін. "Қалай?"... Басталады...

Неге мен ондай сұрақтарға жауап бергім келмейді?

Өйткені:

1) Ол сұрақтың жауабын гуглден іздесең, мені миллион есе ақылымен де, ақшасымен де, тәжірибесімен де айналып өтетін гурулар оған әлдеқашан жауап беріп қойған.

2) Гугл қарауға, тонналаған материалды оқуға желкең жар бермей отырса немесе ізденуге ерініп отырсаң, онда саған керек нәрсе үшін мен неге уақытымды құртуым керек?

3) Мен саған қысқа да нұсқа жауап берген кезде "траффик, лид, генерация, конверсия, sео, sмм, контексті жарнама, баннер, емайл маркетинг, пейпал" деген сияқты сөздерді түсінбейсің де әрбір айтқан осы сөздерімді түсіндіріп шығуды талап етесің. Ал бұл деген кішігірім емес, кәдімгідей beginner курс қой. Оны мен қалайша барлық жұмысымды ығыстырып қойып, саған чат арқылы түсіндіріп отырамын?

4) Мейлі, аяқ астынан жаным жадырап отырғанда тап болып, ерінбей барлық сұрағыңа жауап беріп шықтым. Бірақ, сен менің уақытым бар-жоқтығына, мазалап-мазаламағаныңа рұқсат та, кешірім де сұрамастан, "Ей, сені осы бәрін біледі дейді ғой, мынаны айтып жіберші?" дегенде ол айтқанды істемейсің де ғой? Қалай айтылды, солай құлағыңнан аққан күйі кете барасың емес пе? Ұялмайсың ба

5) Егер ұсынатын қызметің, сататын дүниең, қолыңнан келетін қандай да бір қабілетің, ең болмаса ғаламтордағы шашылып жатқан жақсы материалдарды бір сайтқа тоғыстырып жинап, соған траффик жинайтын тауықтың миындай зейінің болмаса, маған не дейсің? "Алдыма ас қой, екі қолымды бос қой" дегің келе ме?

6) Тағы да сол менің күліп отырған уақытыма сай келіп, сұрақтарыңа жауап алғаннан кейін сенің міндетті түрде қоятын сауалың "Сонда мен осының барлығын істеген соң, қашаннан бастап пайда көре бастаймын?". Буэээээ... Сен бастасайшы бірінші!

7) "Пәленше сайт жасапты, айына осынша доллар табады екен...", ендеше, сұрақты сол адамға қой, маған емес.

8) "Агент, ВК бұзып ақша табуға болады екен ғой? Соны қалай жасауға болады?" Бұл сұрақ та маған емес. Мен білмеймін. Білгім де келмейді. Білсем де айтпаймын.

9) Last but not least. "Неге толық, нақты жауап бергіңіз келмейді?". Өйткені, сіздер көпсіздер. Ал мен жалғызбын. Өйткені, жұрттың барлығына таңертең фейсбук ашқаннан түнде жапқанға дейін жауап беріп отыру менің міндетіме крімейді. Маған бала-шаға бағу керек. Маған тамақ ішу, ұйықтау, жұмыс жасау керек. Өйткені, мен автобуста, таксиде, жолда, светофорда келе жатырмын. Менің чатым онлайн болып тұр деген сөз мен көзім бақырайып сол жерде отырмын деген сөз емес. Өйткені...

Кім осындай сұрақ қоятындардан басы қатып жүр? Бұларға курс жасап, ақылы етіп қойып, әр сұрағына чат-робот құсап, курсқа сілтемемен жауап беретін уақыт келген сияқты. Ақыры уақыт құртады екенсің, ақыры мыжиды екен, пускай дұрыстап оқып алсын.

Тимур Бектұр

Пайдалы кеңестер 1.02.2015 жариялады

4 пікір

мынаны оқимын деп ұрыс естіп қалғандай болдым)
Ақылгөй сымақ өзі білмейді,
Сонымен, интернеттен ақша табуға бола ма?
фЕЙСбуктан бағана ғана оқып едім осыны
116,053 сұрақ
294,506 жауап
152,845 пікір
60,451 қолданушы