Біз қалай бөлінеміз?

Әуелі, іргемізді жайып, ел болғаннан бастап айналадағы жаулардан қорғану мақсатымен жік-жікке бөліндік. «Ұлы жүзге қамшы берде – малға ғой, Орта жүзге қалам берде – дауға ғой, Кіші жүзге найза берде – жауға ғой» деп атымызды айдан бір-ақ шығардық. Балтырымызды тістеп, бөрі жеседе алауыз ағайынның басының қосылуы ұзақ жылдарды талап етті. «Алтын ғасыр» атауын алып, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған Әз Тәукенің заманын есептемесек, Абылай(Әбілмансұр) ханға дейін алтыбақан әрдайым шайқалып тұрғаны даусыз. Ұлы хан өмірден өткеннен кейіңгі 300 жылдық Ресейге бодан болуымыз, таққа таласпен бүтіндей бір қазақтың бір-бірін түтіп жеуінің кесапаты болатын.

Өткенге өкпе айтудан аулақпыз. Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсе де, бер жағы «Найман», «Қоңырат», «Байұлы» болып тармақталып жатыр. Әйткенмен, қан тазалығы жағынан біздің халықтан асатын ел жоқ ғой, шіркін! Бөтендер немере ағасымен отау көтеріп жатса, біздің дәстүрде жеті атадан аспай некелескендерді таспен ұрып өлтірген. Сөзімнің айғағы ретінде белгілі ақын Ш.Құдайбердейұлының «Қалқамен мен Мамыр» поэмасын оқып көріңіздер.

Руды әрі ысырғанда, «Шымкент» — «Маңғыстау», «Батыс» — «Шығыс» деп ұран тастап жүргендері қаншама? Әлеуметтік желілерде тақырыптардың дені осыған қарай ауып бара жатқан секілді. Шет-шетінен өз жерлерін мақтап, Қазақстанның екінші бұрышын қаралауға дайын тұрады! Вертуалды айтыстың соңы, анасы мен әкелерінен әрі асып, бар заттарын жегізумен аяқтайды. Құдды бір Құдайдың алдында бармайтындай, манютер мен телефонның ар жағында отырып алып шіренгенде ешкімге дес бермейді.

Қайсібірінің айтқанын өсек қып жеткізіп, істеріне көңіліміз толмаса да, көзіміздің алдында өрбіп жатқан оқиғаларға бей-жай қарай алмаймыз. Бостандықтың қадірін білмей, аяқтарын алшаңнан басып жүрген жастарымыз көбейіп барады. Олар енді қазақ деген ұлтына немесе қаңға сіңген руына қарап жатпай, ауыл-ауыл, көше-көшегебөлінуге шебер. «Сен біздің аймаққа кіріп кеттің!» немесе «Сен бізбен жүрмейсің!» деп тіс қаққан ұрыдай таңды бос сенделумен атырады. Әңгіменің тоқ етері, жүргектен түскен ұл-қыздардың бір-бірімен қырқысуы жанға қатты батады екен.

Сыртқы жау мен ішкі жаудың көздегені де – осы! Киелі түркілердің тамырынан тамырынан жаралған халықтың бөлініп, босып кетуі.

Ойланайық!!!

Мен ҚАЗАҚПЫН! 11.01.2015 жариялады

1 пікір

Дұрыс жазылған.
116,250 сұрақ
295,169 жауап
152,911 пікір
61,061 қолданушы