Барлығымыз бірдейміз!

мүмкіндігі шектеулі жан

Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі жандардың саны күн санап артып келе жатқандығы бәріне мәлім. Ерте кезде Англия, Франция елдерінде кемтар бала туылатынын білсе аяғы ауыр әйелді жардан құлатқан. Бүгін құдайға шүкір мүмкіндігі шектеулі жандарға деген көзқарас түзелді, дегенмен әлі де жеткілікті деңгейде емес. Арнайы түзету мектеп интернаттары ашылғанымен,олардың саны жеткіліксіз, автобус, ауруханалардың кейбіреуі сәйкесінше жабдықталмаған. Қоғамның өзінде кемтар адамды көрсе, бәрі жалтақтап қарап, кейбіреулері қымсынбай  бір бірімен сөз қылса, біреулері қорқа қарайды, ал енді біреулері тіпті қолмен шошайтып көрсетіп кемсітеді. Бұның барлығы адамның сауатсыздығынан, тәрбиесінің төмендігінен деп білемін. Тіпті сол ашылған арнайы түзету мектептерінің өзі оларды қоғамнан шеттететін сияқты. Менің айтайын дегенім , мемлекетте интеграцияны толықтай енгізу керек, яғни сау балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандар бір мектепте білім алса деймін. Бұған көпшілігі қарсы болатыны анық, неге менің балам ауру баламен оқу керек, немесе менің балама бірнәрсе жасап қоя ма деп ата - аналар қарсы болар, дегенмен мүмкіндігі шектеулі балалардың да қабілеті шексіз. Мүмкін сау баланың да кемтар баладан үйренері мол шығар. 

Тағдыр тауқыметіне сүрініп, біреуі көру, біреуі есту енді біреуі жүру мүмкіндігінен айырылса да, бұл жандардың бойында өмірге деген құлшынысы  мені тәнті етеді, олардың жанарлары мейірімділікке, ізгілікке толы, олардың бойлары тұнған талант, олар қандай болса да ешқашан өмірден баз кешкен емес, олар өмірге риза!Барлығы бола тұра, адам ештеңеге ұмтылмайды, қаншама адамдар екі қолы, екі аяғы сау бола тұра телміріп далада садақа сұрап жүр, қаншамасы болмашы нәрсеге бола өз өмірлерін қиды.Ол жандардан да біздің үйренеріміз мол , өмірдің әр минутына қуанып , өмірді бағалаңыздар, кім біледі ертеңгі күн не боларын!

Өз ойым 30.01.2015 жариялады

12 пікір

Сомен не дегіңіз келді?
Қоғам жарым жандарға дұрыс көзқараспен қарасын , олардың қолдарынан көп нәрсе келеді дегім келді!Және өмірді бағаласын дегім келді!
Кемтар балалардың қоғаммен еркін араласқандары дұрыс ғой, бірақ, мысалы сау балалармен бір класста оқыды делік, қоңырау соғылғанда балалардың әдеті сыртқа қарай жүгіру, сонда араларындағы кемтар бала соларға қарап отырып қалады ма? Сол кезде ол өзін қалай сезінеді?
Мүмкіндігі шектеулі жандар дегенде тек жүру мүмкіндігінен айрылған жандарды айтпаймыз, ақыл есі кем балалар психикалық дамуы тежелген балаларды түріне қарап кемтар деп айта алмайсын, олар кәдімгідей жүгіріп ойнап күліп жүреді. Ал сіз айтып тұрған жағдайда , бұл жерде мұғалімнің ептілігі керек, мысалы қоңырау кезінде қызықты ойындар өткізсе. Және мен бір сыныпта оқысын деген жоқпын бір мектепте дедім. Себебі олардың өздерінің бағдарламалары болады арнайы.
"Ақыл есі кем балалар интернатында" аз уақыт болсада жұмыстеп көргенмін. Мемлекет те ақымақ емес, оларды бөлек жерге оқытып жатқандарының да себебі бар. Бірге футбол ойнап жүретінбіз, олардың қозулары білгілі уақытты ғана болады, сол кезде кейбіреулері қоғамға қауіпті. Соны ойлан болар мемлекет те. Ал физический мүмкіндігі шектеулілерді тұрақты жұмыспен қамту арқылы қоғаммен араластыру керек. Негізі сізді түсіндім, интернетта жүргеніде кейбір балаларды әңгімеге тартқанда, айтқан ойларын сау бола тұра үлкен адамдар да ойлай бермейді. Өнерлілері де жетерлік болды, сосын тағы әлі күнге дейін есімнен кетпейтіні, тұра мен жұмыстеген уақытта облыстың барлық аудандарындағы кемтар туылған балалар интернаты аралық жарыс өткізілді. Біз соларды киіндіріп, сахынаға алып барып, алып келіп жүрдік. Сондай әсерлі өтті. Кейбіреулерінен үлгі аларлықтайы бар..
Қай қалада осындай жағдай бар.Менің бір туысқан әпшем интернатта,артынан барсақ ана қыздың түрі жаман болып кеткен,беті жара,шашы қысқа вообщем интернатта жағдай жақсы емес.Ол жерде кемтар балалар күн көрмейді,бөлмесіндн қамап ұстайды,тамақ жоқ аш.Интернат деген жақсы жер емес.Дәрігеолер оларды ұрады екен,сол қыздың құлағын біреу тістеген,аяп кеттім.
Иә, дұрыс өзім бірнеше концерттерде болдым мүмкіндігі шектеулі жандар қатысқан, өте әсерлі өтті, беріліп тұрып өнерлерін көрсеткендері барша көрермендерді мәз қылды, салған суреттерін көрсеңіздер ғой өте жақсы сурет салады, және де олар кісіге жақын, көмектескісі келіп, сөйлесіп, тұрады. Жалпы менің айтайын дегенім мен интеграция үдерісі енгізілгенін қалаймын.
Міне, көрдіңіз бе оларға деген қарым - қатынастың қандай екенін, өте сұмдық, әрине барлық жерде олай емес қой. Менің блогты жазғандығым да содан, оларға деген көзқарас, қарым қатынас түзелсе екен деймін.
Жоқ барлық жерде сондай,просто бізге өтірікті көрсетеді.
Міне нағыз блог. Маған қатты ұнады.
Сіңілім Алла өзіңе жар болсын! Блогыңнын тақырыбын дұрыс таңдапсын . Мен Интернат тағы жағдайды быллмеймын. Жоғарыдығы айтылған жағдайлр. кун сайын - сағат сайын алдымнан шығуда. Мүгедектерге қоғамдағы көзқарас, бұрын қандай болма қазырде сондай. тек заңнан ғана қорқады. Тіпті сол заң арқылы өзіңді қорқытып. азын аулак көрсететін көмектің әзын шектетіп тастайды.Мен кейде ойлаймын еген мына жағдайымнын үстіне Ақыл- есім сал болсада дамымай қалған . Не жатып ішер  арам тамақ болсам күнім не болареді деп. Қазақыстанын байлығн. Алпауыт завот - фабрикаларын, Әскери техникаларын , ғарыштық жетістігін айтым мақтанамыз ай келіп. Бей берекет таратылып жатқан (сәл атаққа ие болса ) авта көлыктер беріп жатады.Неге? қоларбамен емес электронды арбалармен жабдықтамайды? Шынымды айтсам коп жылдан бері  шығармашылық жұмыстарымды жарыққа шығару ұшін, тауелділіктен құтылсам деген оймен. Осы электыронды арбаға тапсырыс бергім келеді . бырақ қайдан? қалай?алуға болатынында білмеймін . Қысы жазы  көз майымды тауысып жумыс степ жартылай ақша да жинаудамын.Қоғаммен қоян қолтык араласа атмасамда.Өз өмірім мен өнерімнің жанашырымын.
Еш мойымаңыз!Сіздің бойыңызға кейбір адамдардың бойында жоқ қасиеттер дарыған.Сіздің сөздеріңізден - ақ сіздің өжет, батыл адам екеніңіз көрініп тұр. Өнерді сүйеді екенсіз, талабыңызға нұр жаусын!
116,035 сұрақ
294,371 жауап
152,840 пікір
60,340 қолданушы