Крионика деген не?

Крионика - демі үзілгенімен де әлі суып үлгірмеген адамның (жануар) денесін, не оның дене мүшелерін мұздатып, сұйық азотта сақтаү технологиясы. Бұл технологияны қолдаушылар ғылымның даму мүмкіндігі адамды, не жануарды келешекте қайта тірілту әдіс-тәсілдеріне алып келетініне сенеді, үміт етеді.

Криоконсервация жасалатын денені дьюарға салып сақтайды. Дьюар дегеніміз - заттарды аса жоғары, не аса төменгі температурада ұстауға арналған сауыт түрі. Криосақтауға жіберілген дене сұйық азот толтырылған дьюарда сақталады. Ондағы температура -196 градус. Тек осы температурада ғана адам (жануар) денесіндегі молекулалардың еш өзгеріске ұшырамайтыны анықталған. 
Крионика жасау аса күрделі бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен, мұздың көмегімен дененің температурасын 0 градусқа дейін түсіреді. Одан кейін арнайы түтікшелерді артерия мен венаға ендіріп, ондағы қанды шығарып алады. Қан орнын арнайы ерітіндімен толтырады.

Крионика жасаумен айналысатын компаниялардың Қазақстанда бар-жоғын білмеймін. АҚШ-та жақсы дамыған. Бірақ, қазақстандық денені АҚШ-та крионика жасату келісімі жоққа ұқсайды. Ресейде КриоРус атты крионика жасау компаниясы бар. ТМД көлемінде алғашқы ашылған компания.

Бұл компанияның крионика қызметін пайдалану ақысы келесідегідей: Миды криосақтау - 12 мың АҚШ доллары, бас пен денені криосақтау - 36 мың АҚШ доллары. Ит-мысық және т.б. жануар түрлері (дене тұрқының өлшеміне байланысты ) криосақтау - 12-15 мың АҚШ доллары аралығында.

Осы уақытқа дейін бұл компания 40 адам мен 15 жануарға крионика жасапты. 

Қызықты деректер 30.01.2015 жариялады

2 пікір

Жәнібек, менде бірнеше сұрақ бар.

Аңдардың басын кесіп алып, қатырып қоятынды не деп айтады?

Сосын қиял-ғажайып кинолар бар ғой. Адамды мұзға қатырып қойып, 200 жылдан кейін ерітіп алса да тірі жүре береді деген рас па?

Рақмет. Қызықты ақпарат екен.
сізге қызықты болғанына қуаныштымын. Қойған сауалдар жөнінде блогпост жазамын.
116,265 сұрақ
295,203 жауап
152,913 пікір
61,091 қолданушы