Безеумен күресу жолдары

Безеу,Безеумен күрес,безеу кетіру

Қазіргі кезде «Безеуден қалай құтыламын?» деген сұрақ көпшілігін мазаламай қоймайды.

Себебі бүкіл адамдардың 85 пайызында қай жаста болмасын безеумен күресуге тура келген. Безеуден емделу – ұзаққа созылатын процесс, сондықтан да көптеген адамдар емнің алғашқы сатыларында нәтижие болмаған сон қолды сілтеп кетіп жатады. Кейін қайтадан емделіп, нәтижие көрінетін болмаған сон тағы да жарты жолда қалдырып, безеуді асқындырып та жатады.

Безеуден бір жола құтыламын деп тоқтамға келген адам көп жағдайда неден бастарын да білмей жатады, жауап біреу, басынан бастау қажет!

Безеудің пайда болуының себебі көп, сондықтан ол полиэтиологиялық ауруға жатады. Негізгі себебі – азқазан-ішек жолдарындағы бұзылыстар;

– зиянды әдеттер: алкогольді сусындар, темекі;

– психикалық құбылыстар: стресс, уайым-қайғы, жиі ашушандық;

алиментарлық себеп: майлы тағамды шамадан тыс қолдану, тәттіге үйір болу.
Тұқымқуалаушылық

Безеудің себептерінің ішіндегі ең жиі кездесетіні асқазақ-ішек жолдарындағы бұзылыстар. Сондықтан безеуден емделу барысында асқазан-ішек жолдарын тазалап, іш қатпаның алдын алу қажет. Тәтті тағам безеудің шығуына септігін тигізбей қоймайды, алайда глюкоза мидың негізгі қорегі екенің де ұмытпаған жөн.

Қазіргі кезде безеуді емдеудің көптеген түрлері бар, атап айтқанда: лазермен емдеу, ультрадыбыспен емдеу, механикалық емдеу, вакуумды терапия және халық емі.

Лазермен емдеу. Бұл процедураның бағасы қымбат болғанымен лазерлік емнен кейін терінің қорғаныш қызметі артады, тереңде жатқан безеулер, қабынулар жойылады, ұзақ уақытқа дейін безеу мазаламайды.

Ультрадыбыспен емдеу. Ультрадыбыспен емделуде емделушіде ешқандай ауырсыну сезімі болмайды, және емнен кейін теріде қызарулар, процедураның белгісі байқалмайды. Ультрадыбыс – безеуден қалған іздерді, беттегі қара дақтарды кетірудің тамаша әдісі.

Вакуумды ем. Вакуумды ем, терінің сыртқы қабатында жатқан безеулерді кетіруде сөзсіз жетекші орында. Бұл процедураның басты кемшілігі тереңде жатқан безеулерге әсерін тигізбейді.

Механикалық ем. Көптеген салондарды безеуге қарсы механикалық емді ұсынады. Механикалық емді дұрыс жасамаған жағдайда тері тітіркеніп, безеудің дереу асқынуына әкелуі мүмкін.

Халық емі. Безеуге қарсы емдердің ішіндегі ең көп қолданылатыны – халық емі. Емнің бұл түріне көптеген маскалар, бетті сүртуге арналған ласьондар, әр түрлі кремдер жатады.

Атап айтқанда, қияр шырыны, алмадан жасалған маскалар, ара балы босылған картоп пьюресінен жасалған бетті құрғатуға арналған маска.

Беттегі безеуді кетіру мақсатында бетті сабынмен көп жуа беру, беттің қабыршақтануына әкеліп соғады. Майлы беттер үшін бетті сабынмен таңертен жене жатар алдында жылы сумен жуу керек. Майлы бетті кір сабынмен жууға болмайды, оның орнына антибактериалды арнайы сабынды қолдану керек. Бетті тазалау кезінен басқа кездерде қолмен ұстауға, түрткілеуге болмайды, бұл бетке қосымша бактерия түсуіне және безеулердің қабынуына әкеліп соғады.

Бетті жұмсарту үшін алманы үккіштен өткізіп, бетке маска жасап, жарты сағат уақыт масканы ұстап артынша жылы сумен шайылады. Бұл маскадан кейін бет терісіндегі қызарулар кетіп, теріде серектік сезіледі.

Безеудің негізгі шығатын аймақтарына мойын, арқа, иық және көп жағдайда бастың бет бөлігі жатады. Эндогенді себептеріне ішкі ағзадағы өзгерістер мен тұқым қуалаушылық жатса, экзогенді себебіне теріге түскен микробтардың әсерінен шығады. Сондықтан да майлы теріні күтуде бірінші кезекте тазалықты қою қажет.

Дәріханаларда (аптека) сатылымда тұрған «Балтушка» ласьоны мен жарнамадан көрсетіліп жатқан «Зенерит» бетті тазалауға арналған ласьон экзогенді себептен шыққан безеуді кетіреді. Бұл аталған ласьондар безеуді кетіруде қолданылғанымен оны емдеуде қолданылмайды.

Есіңізде болсын, сіздің теріңіздегі безеу қандай дәрежеде болсын, терінің майлылығы қаншалықты жоғары болсын безеуді кетіруге болады!

Салауатты өмір салты 29.01.2015 жариялады

2 пікір

Жақсы блог!Көптеген жастарға септігін тигізетіні сөзсіз!Мен безеулерді емдемеймін, өздері шығады  да (білесіз қай кезде шығатынын) өздері кетеді.
Биология менің қарындасым бар. Үнемі бетіне, шекесіне безеу шығып жылайды да жүреді. Бетіне тоналка, кремдер жақса да кетпейді.

Бетке безеудің шығуына судың әсері бар ма? Себебі біздің үйдегі краннан хлоры бар, аппақ хлорлы су ағады. Соны ішкенннен, күнделікті қолданғаннан болуы мүмкін бе?
116,054 сұрақ
294,517 жауап
152,845 пікір
60,461 қолданушы