Асқазан қатерлі ісігі

Асқаған қатерлі ісігі – асқазанның шырышты қабатында пайда болатын қатерлі ісік. Бұл кесел асқазанның кез-келген бөлігінде пайда болуы мүмкін, және басқа мүшелерге (бауыр, бүйрек, өкпе) оңай тарай алады.  Бұл аты жаман аурудан дүние жүзінде жылына 800 мыңға жуық адам көз жұмады (адам өлімі бойынша қатарлі ісік ауруларының ішінде өкпе қатарлі ісігінен кейін екінші орында). Диспепсияға шағымданған елу адамның біреуінде асқазан қатерлі ісігі анықталады.

Этиологиясы. Асқазан қатерлі ісігінің пайда болу себебі өте көп, сонын негізгілерін атап айтқанда аскорбин қышқылының жеткіліксіздігі; зиянды әдеттер (темекі шегі, арақ ішу), малдың майын көп қолдану; тұзды, ащы, қуырылған тағамдарды шамадан тыс көп қолдану; тамақ ішу режимінің бұзылуы; экология; жұқпалы аурулар мен тұқым қуалайтын (гендік) аурулар болып табылады.

     Клиникасы. Асқазан қатарлі ісігінің өзіне тән клиникалық көріністері болмайды («жеткіліксіз белгілер» синдромы). Аурудың бастапқы кезенінде науқас тәбеттің төмендеуіне, диспепсияға шағымданады. Кейін астения, ет өнімдерінен жиіркену, салмақ азайту, анемия байқалады. Аурудың өршіген кезінде эпигастри аймағының ауырсынуы, лоқсу, кофе қоюы тәрізді құсық байқалады.

       Метестаз берілуі (таралуы). Асқазақ қатерлі ісігінде көп жағдайда вена тамырлары арқылы бауырға таралады, кейде өкпеге және басқа мүшелерге (бүйрек, сүйек, бас миы, сирек жағдайда бүйрек үсті безіне) метестаз береді.

Диагностикасы:

 - Гастроскопия (биопсия да алынады);
 - Рентгеноскопия – контрасты затты (барий сульфаты) жіберу арқылы асқазанды ретген сәулесімен тексереді;
 - Ультрадыбысты тексеру (УДЗ);
 - Компьютерлік тамография – асқазанды үш өлшемді кескінмен қарау арқылы тексеру.
 * Лапраскопия – асқазан қатарлі ісігінің асқынған түрінде ғана қолданылады;
 - Онкомаркерлік тексеру.

Емі. Кез-келген қатарлі ісіктерде қолданылатын негізгі төрт емді қолданылады.

1. Хирургиялық ем
2. Химиотерапия
3. Сәулетерапия
4. Симптоматикалық ем.

Қазіргі кезде асқазан қатарлі ісігінде осы төрт негізгі емнің ішінде хирургиялық ем қолданылады. Негізінен гастроэктамия (асқазанды түгелімен алып тастау) жасалынады.
Салауатты өмір салты 29.01.2015 жариялады
116,265 сұрақ
295,203 жауап
152,913 пікір
61,091 қолданушы