Белгісіз Ақ парақтағы ойлар 28.01.2015 жариялады
Осы күндері жаным жалғыздықта...


Тақырыпты неге былай қойдым екен.. Осы күндері ғана емес, есімді білгелі жаным жалғыздықта.. Қасымда адамдар көп, бірақ жанымды түсінер ешкім жоқ... Өзімді өзім де түсінбей жүрмін..

Маған не болып жүргенін білмеймін.. Өмірден түңілмедім, әлі талай нәрсені жасауым керек, мақсаттарым өте көп...

Бірақ...
Бірақ, ойымда белгісіз бірнәрселер бар.. Түсініксіз жағдайда жүрмін...

Иә, көп нәрсені жасауым керек, бірақ алғашқы қадамды да бастамадым, неден және қалай бастау керектігін білмеймін...

Бұл блог сымағымды неге жазып отқанымды да білмеймін))

Не жазарымды да білмеймін.. Жазбам қалай басталды, қалай жалғасуда, қалай аяқталады, ол да түсініксіз.. Әйтеуір, бір жазба жазып отырмын, бірнәрсе жазуым тиіс сияқты..)

Дәл қазіргі ойыма келгені: маған өмірді көрген, білікті жолбасшы керек.. Әкемнің жүрісі анау, Анам да маған көңіл бөлуге уақыты жоқ, тұңғыштың күні құрысын...

Болашақта қандай болар екенмін, елестетудің өзі қиын, бірақ болашағым жарқын екеніне сенімдімін...


Қысқасы, бұл жазбамды жай ерігіп отырып жаза салдым, ешкім оқымаса да ризамын, себебі оқитын түгі де жоқ.. Блогты керемет жазатын блогер емеспін.. Керемет ойлар жазатын философ та емеспін...

28.01.2015 - Медет осындай түсініксіз пенде..

Болашақта осыны оқып өзімнің өткеніме күлгім келеді...

4 пікір

Жалғыз емессің жаным) Жүрегіңде Алла және мен бармын ! ! ! (кейін мүмкін жаныңда болып қалармын)

Керемет жазады екенсің блогты)) Болашақта мақсаттарыңа жетерсің деп сенемін!!! Жаман нәрселер ойламай,өзіңді жалғыз сезінбе ешқашан!!!!!
Әридай дай дай дәридай
Бәрі бәрі жақсы болады ыы
жастығынды құшақтап жылап алсай))
күлдім шынымен..))))
117,642 сұрақ
302,058 жауап
153,341 пікір
64,825 қолданушы