Қатын ба, әйел ме?

Сәби. Қыз. Қалыңдық. Келіншек. Жар. Келін. Әйел. Қатын. Апа. Әже. Қария.

Арасынан батыр да, ақын да шыққан қыз балаға, ұрғашы жынысына қазақ халқының ертеден көңіл бөлгені бағаланын бәріміз білеміз. Бірақ әйел, қатын, ұрғашы сөздерінің ара - жігін әлі ажырата алмай жүргендейміз. Мен де өз ойыммен бөліссем  деймін.

Қазір "қатын" сөзі дөрекі, әрі басынғандық түрінде естіледі.  Күйеуге шыққан қыздарды қазақтарда қатын дейді. Бірақ көбіміз бұл сөзді теріс түсінеміз. "Қатын "байырғы қазақ тілінде "құтым"  (бағым, ырысым) деген мағынаны берген. Уақыт өте келе дыбыстардың ассимляциялануы барысында "құтым" сөзі "қатынға" ауысыпты.  "Қатын" сөзі  араб тілінде хатун “таң нұры”, ал парсы тілінде "қатун" -  “түнгі ләззаты” деген мағынаны білдіреді екен. Осыдан 1500 жылдай бұрынғы ата-бабамыз Көктүріктердің сына жазуларында да "қатын" сөздері кездесіпті. «Қатын» сөзін қазіргі қазақшаға аударғанда «ханым» дегенді білдіреді екен. Түркі жазуларында оның мағынасы сондай. Тағы бір жерлерде "қатын" сөзінің төркіні ежелгі түркілер дәуірінен бастау алғаны жайлы, ерте көктемде гүлдейтін бәйшешек гүлінің хош иісін “хотун” деп, сол иіске әйел затын теңестіргендігі жайлы айтылыпты. "Қатынның" мағынасы дұрыс сияқты. 

Ал, қазір "әйел" деген сөзді әспеттейтін болдық. "Әйел" сөзі парсы тілінен алғанда "жезөкше" деген мағына береді дейді тіл мамандары. Бірақ, меніңше "әйел" сөзі "Әй, ел!" деп енелердің менсінбеуінен, яғни жат жұрттық, басқа елдікі деп "әй, ел!" басынғандығынан шыққан дейді. Мүмкін бұл рас та шығар, бірақ түбі бұл сөздің жақсы емес екені анық. Көбіміз әлі күнге "қатыннан"  қашып, "әйелді" ардақтап жүрміз. "Әйел" парсы тілінен алғанда "әййәл" “сайқал” деген мағына білдіреді. Қырғыз ағайындар қыздарына "Сайқал" деп те ат қояды екен.

Кеңес Одағы орнап, коммунистер билікке келгеннен соң «қатын» деген сөзге қарғыс айтылды. «Бай-манаптардың қолданған сөзін қолданбаймыз, жаңа заман құрып, жаңа заман ойлап табамыз» деген советтердің жаңашылдығы қатынның орнын алмастыратын әйел сөзін қолданысқа енуіне ықпал жасады.  Бұрынғы "қатын" сөзінің орнын "әйел" басты, өзіміз түсінбесек те айтып жүрміз-ау.
Негізінде өзбек ағайындарда сөздердің 70-80 пайызы арабшадан енген. Ал енді біздерде қатын деген ерсі көрінеді. Әйел деген сыпайы болғанмен, мағынасы сайқал деген ерсілеу сияқты. 

"Бір ғасырда үш рет әліпбиін алмастырған тіліміздің қай бір жаны қалды дейсің? Лингвист, профессор Рахманқұл Бердібаев ағамыз: «Қазақтың 18 мың сөзі бұзылды» деген сөздері еш дәлелдеуді қажет етпейді...."

Шіркін, ертеректе отағасылар өз ұлтынан қалап алған жарларын «қатын» деп атап, ал тоқалдары мен соғыста тұтқынға түскен, сатып алған,  жаудан тартып алғандарын ғана «әйел» деп атағанын біздің қатындар түсінсе ғой дейсің. Онда өздерін «әйелміз» деп сонша төмендетпес еді. 

Одақ кезінде Әзербайжанда “Әзербайжан хатыны” деген журнал болған, ал біздің елімізде “Қазақстан әйелдері”.

«Бір әйелдің айласы қырық есекке жүк болады» – деген аталарымыздың сөзі бар.
Бір есек орта есеппен 200 келі салмақ көтереді екен. Сонда қырық есегің 200 келіден есептегенде 8 тонна болады. Бұл дегенің әр әйелдің басында төрт тонна қулық, арқасында үш тонна сұмдық, ішінде бір тонна айла бар екенін айғақтайды екен :)))

Жарайды, "қатыны" да, "әйелі"  де құрысын! Олай болса, ханымдар мен мырзалар, отбасыларыңыздан үнемi ынтымақ кетпесiн! “Əка”, “укə” деген өзбектер секiлдi, ерлi-зайыптылар бiрiн-бiрi “ханым”, “отағасы” деп, ойнап-күлiп жүре берсiн!

Жиған-терген...

Қызықты деректер 24.01.2015 жариялады

7 пікір

Керемет жазба...!
bezelhapasiflora@gmail.com
Мынаны  оқып  көзімді  ашқандай  болдым.Таза шындық)

Жиған-тергеніңіз жемісті екен. Осы жазба талайдың көкірек көзін ашса ғой, шіркін... "әйелді" қойып бәріміз әдемі "құт", "таң нұрына" айналар едік.

Сізбенен тілектеспін.
Қазір "қатын" сөзі сатиралық-юморлық сипатта айтылып жүр. Ерлер жұбайларын "әйелім, жолдасым, келіншегім, кемпірім, хозяйкам" деп айтатын болған.

Уахабистердің былжыраған әңгімесі. Қатын деген дөрекі, жабайы сөзді қолдану қазақ тілін құртуға тырысқан кері кеткендердің ісі! 

116,035 сұрақ
294,403 жауап
152,841 пікір
60,365 қолданушы