Пайдалы кеңестер 24.01.2015 жариялады

көз аурулары, көз дәрігері

Көз ауруларын болдырмас үшін алдымен оның тазалығына мән беру керек. Жұмыс жасағанда жарық бөлмеде отырып, арқа мен басты түзу ұстаған дұрыс. Теледидарды қараңғыда қарауға болмайды. Ол көзге зиян. Көз аурулары тұқым қуалауы немесе сыртқы ортаның жағымсыз әсері нәтижесінде жүре пайда болуы мүмкін. Көз ауруларының түрі көп. Олар катаракта,конъюнктивит, глаукома, слезотечение. Сондықтан да көз ауруларын болдырмас үшін жақсы күтім керек.

Көз күтімі жайлы кеңестер.

1. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеу керек. Көздің көруін бір қалыпта ұстау үшін, ең бастысы, еңбек, тұрмыс гигиенасын сақтаған жөн. Яғни көзге шамадан тыс салмақ түсірмеу керек.

2. Дәрумені мол тағамдарды көбірек жеу керек. Сондай-ақ, қыздарымыз көздеріне сапалы бояулар жағуы керек және жасанды кірпік, қас жасату да көзге зиян. Ол үшін арнайы мамандардың кеңесіне жүгініп жасау керек.

3.Көздің көруі нашарлағанда дәрігер кеңес берсе, дереу көзілдірік киген дұрыс. Көзілдірікті дер кезінде кию, оны дұрыс таңдап алу көздің бірқалыпты көруіне жәрдемдеседі. Үнемі көзілдірік киіп жүретін адамдар оны пайдаланбаса басы ауырады, көзі суырып, мазасы кетеді. Көз шаршаса адамның жұмыс қабілеті де төмендейді. 

117,203 сұрақ
299,332 жауап
153,127 пікір
63,732 қолданушы