Көз тиюден сақтану жолдары

көзмоншақ, көз моншақ

Көз тию – қазақ халқы ұғымында жақсы адамға, жас нәрестеге, жүйрік жылқыға, әдемі қызға, т.б. тіл-көз тиеді деп есептелген. Жас балаға тіл-көз тимесін деп молдаға дұға жаздырып, оны былғары бойтұмардың ішіне салып, мойнына тағып қойған немесе үстіндегі киімнің омырауының астыңғы жағына қадап қояды.

Бала кенет науқастанып қалса, көз тиді, біреудің сұғы өтті деп жорып, оған ащылау әдісімен ем жасайды. Көз тию шынымен бар нәрсе. Тіптен өте қауіпті.Қазақ ырымында нәрестені тіл-көзден сақтау үшін оның бесігіне, киіміне тұмар ретінде жыланның басын, үкінің талын, тоғыз моншақ күміс тиындарды іліп қоя­ды. Көз тиген адамға медецина көмектесе алмайды. Жас сәбилердің түні бойы ұйықтамай шығуы, мініп жүрген көліктің қайта-қайта бұзылғыш болуы, қолға алған істің аяқталмай қалуы – санай берсек осыған жатқызылып жүрген мәселелер өте көп.

Сондықтан да қазіргі кезде осылардың барлығын көз өтті көз тиді деп ырымдап жатамыз.Қазіргі кезде осындай мәселелермен балшы балгерлерге жүгініп жатады. Сондықтан сіздерге айтарымыз балшы балгерге емес қазақшылық жолымен үлкен молда кісілерге түкіртіп дем салдыруларыңызға кеңес берер едік.

Иә, көз тию – тылсым сырға толы ежелгі наным-сенім. Оған қазір де көп халық иланып, одан сақтанады. Ол жөнінде дінімізде де ойланарлық ұстанымдар баршылық.
Енді сіздерге айтарымыз Алла тағала баршамызды тілден, көзден, бәле-жала, кесір-кесапаттан сақтасын деп тілейміз!

Қазақ салт-дәстүрлері 24.01.2015 жариялады
116,053 сұрақ
294,506 жауап
152,845 пікір
60,451 қолданушы