Қош бол, Бензин!

Жапония — әлемдегі ең алғашқы сумен жүретін көлікті жаппай өндіруде. Toyota-ның «Mirai» атты седан көлігі — экологияның тазалығына да үлкен мән беріп отыр. Өндірушілердің сөзіне сүйенсек, бакты бір толтыру 650шақырымға дейін жетеді.

Жапония «Mirai» көлігін ел ішіндегі қаларға сатуды, өткен жылдың желтоқсан айында бастады. Ал, 2016 жылдан бастап Америка Құрама Штаттарында сатуды жоспарлап отыр.

Мемлекет ішіндегі бағасы — шамамен 60 мың долларды құрайды. Сатып алушыларға мемлекет тарапынан 17 мың доллар субсидия жасалмақ.

«Mirai» сутегімен жүретін болғандықтан, арнайы қызмет көрсету орталықтарын талап етеді. Бакты толтыруға бірнеше минут қана кетеді, ал бакты бір рет толтырудың құны — 0,1 доллар.

Көлік — электрохимиялық генератордың ықпалымен сутегін тотықтырып, өндірілген энергиямен қозғалысқа келеді. Автомобилдің қуатында 136 жылқының күші бар.

Бұнымен ғана тоқталмай, cумен жүретін көлікті Жапония Honda-ның FCV моделімен 2016 жылы сатуға шығармақ.

Автоәлем 11.01.2015 жариялады

2 пікір

Қо е))                                                                       .
))))                       .
116,249 сұрақ
295,169 жауап
152,911 пікір
61,061 қолданушы