Елбасы жайлы ойларым, жиған-тергендерім...

Назарбаев сайқал саясатта елінің пайдасы үшін бәріне барады, сондықтан оған саясаткерлердің қойған аты - "қутүлкі". Билік басында жаулары да аз емес, соңғы кездері Назарбаев биліктен кетсе орнына кім қалатындығы жайлы шыққан талас әлі күнге дейін жалғасуда. Ол жайлы өсектер тым көп болғандықтан оған жалған жала жапқыштар көп: баласы бар, қазір екінші сыныпты, 3 әйелі бар, соңғысы тіпті "Мисс Казахстанның" иегері, диктаторлық режимде отыр, оппозиция серкелерін құртып жатыр, т.с.с. Кейбіреулері  расқа да айналатын сияқты, тек... тек Президент өлгенде.

М.Әблязов "күнәсіз, кіршіксіз" емес, бірақ Назарбаевтың жеке жауы деген пікір де жөнге келеді, YouTuve желісіндегі видеоларда мұны толық дәлелдеп шығыпты. Мүмкін, бәрі мүмкін.

"Заманбек Нұрқаділов өзін өзі пистолетпен үш рет атып, үстіне ақ жаймасын жамылып өліпті" деген диагноз қандай сорақы болса, "Евгений Жовтис көлігімен ішпей шекпей бір адамды қараңғыда қағып өлтіре жаздаған" деген одан да сорақы. Биліктің құпияларының сәл дәмін татып иісін сезгендерді түрмеге тоғытты. Осыдан бірнеше жыл бұрынғы "ЖасАлаштың" нөмірлерін оқысаңыздар, Сталин билік еткен кездегі КСРО тарихын қайта оқығандай боласыздар.

 Бірақ "саяси көзі ашық деген қазақ интеллигенциясының таңдаулыларын жою - тек оларға құдыреті жететін біреудің ісі" деген пікірге келісемін. Мүмкін Назарбаевтың өзі де басқа себептермен қудалаған болар.

Былайша ел көзіне үш қыздың әкесі, кілең оңбаған күйеу балаларға тап болатын, балажан да қамқор-ақ адам. Өйткені ол ел санасына, идеологиясына солай сіңіріп үлгерді. Қай жарнаманы, қай кітапты алып қарасаң да Елбасы жайлы бір артық ауыз сөз жоқ. Соған қарасаң мүмкін Нұрсұлтан ағамыздың ешқандай артық ісі жоқ шығар.

Мен инеттен оқығандарыма, инеттен көргендеріме, өзгелерден естігендерімен сенбеймін. Ал бірақ ішім жылымайтын бір тұсы бар: "Әділдік сұрап шыққан мұнайшыны аямай автоматпен ататұғын". Жарайды, көтеріліске шықты делік, қантөгіссіз жолмен шешуге болар еді. Егер әр қаланың желтоқсан айындағы әскери жағдайын толық бақылай алсаңыз, сіздің де көзіңіз жетер еді. Мысалы өзімнің Қызылордамда желтоқсанның алғашқы күндері қақ орталықтан бірнеше танк, БТР секілді бірдеңелер, бірнеше күннен кейін спецназдардың көліктері өтіп сес көрсеткендей болды. Қала ішінде ішкі әскерлер өте көп мөлшерде үйілді. Қала сыртын төтенше жағдайға деп ішкі әскерлер мен көліктермен қоршап тастады. Барлық полиция, милиция дегендерге қару (тапанша, түрі ПМ-ға ұқсас) берілді, жарлық бойынша тек ең қатерлі деген жағдайда ғана қолдануға. Қару салатын орны ерекше, ешкім таба алмайтын жерлеріне тігілген арнайы курткалар берілді. МАИ қызметкерлерінің бекеттеріне автоматтар мен басқа да қаруларды үйіп тастады, әр МАИ инспекторының қызметтік көлігінен кем дегенде бір автомат болды. Күні бүгін көтеріліс болатындай етіп.  Мүмкін мұнысы дұрыс та шығар, "сақтықта қорлық жоқ", бірақ көтеріліс бола қалған күнде басып тастауға оңай болсын дегені ме? Қырып тастауға да...

"Идеологиялық соғыс" әлі жалғасуда. Идеологиямызға, санамызға неше түрлі ой ұялататын "бәлелер" - газет-журнал (БАҚ), теледидар, интернет, т.с.с.  Біз нені көп көреміз, жинаған ақпараттарымыздың қайсысы дәлелдірек, соған сене саламыз. Білмеген соң сене береміз не болса соған.

Меніңше Елбасымыз сыйлауға тұрарлық адам. Құлдырау кезеңінде тұрған елді 20 жыл ішінде дәл қазіргідей жағдайға жеткізу - кез келгеннің қолынан келетін іс емес. Ғасырда бір, тіпті дәуірде бір жаратылатын тұлға деуге болады Назарбаевты. Қай елдің президентінің ескерткіші басқа елдің астанасында тұр? Қай елдің президенті өз еркімен ғаламат күштен бас тартып жатыр? Қай елдің президенті  бүкіл әлеммен жақсы қарым-қатынасты ұстап отыр?

 Біз - жастармыз, биліктің бір пұшпағын ұстамағаннан кейін аузымызға келгенін айтып бөсе береміз, бірақ көзі ашық, көкірегі ояу адамдар әлі де аз секілді...
Негізі мамандық 23.01.2015 жариялады

2 пікір

Назарбаев сайқал саясатта елінің пайдасы үшін бәріне барады деген басындағы сөз бен  біз - жастармыз, биліктің бір пұшпағын ұстамағаннан кейін аузымызға келгенін айтып бөсе береміз, бірақ көзі ашық, көкірегі ояу адамдар әлі де аз секілді деген соңғы сөзге қарап көкірегі ояулардың әлі қатарына қосылмағансыз ау деп ойладым.

 Бірақ "саяси көзі ашық деген қазақ интеллигенциясының таңдаулыларын жою - тек оларға құдыреті жететін біреудің ісі" деген пікірге келісемін. Мүмкін Назарбаевтың өзі де басқа себептермен қудалаған болар.--деп жазып елбасымыз сыйлауға тұрарлық деген қызық екен. Әскермен сес көрсеткендей болды депсіз, жалпы позицияңызды түсінбедім. Қайдан жазып едіңіз, әр жерден жиналған материал емес пе?))
Осы СЖ-да жазған жауабым. Мен елбасына қарсы да емеспін, жақ та емеспін. Позициям - нейтрал :)) Сондықтан жамандаймын да, мақтаймын да. Оған таңқалмаңыз.
116,054 сұрақ
294,517 жауап
152,845 пікір
60,459 қолданушы