Белгісіз Мен туралы 100 факт 23.01.2015 жариялады
1. Ең бірінші факт-менің 23 шілде 1998 жылы туылғандығым)
2. Алматы қаласында туылдым. Қазір Талдықорғанда тұрып жатырмыз.
3. Отбасымда мен тұңғышымын. Менен кейін інім,сіңлім,кіші інім)
4.Мені кішкентайымнан көп еркелеткен. Содан әлі күнге еркемін. Сөз көтере алмайм))
5. Жылым барыс,айым арыстан.
6. Кітап оқығанды қатты жақсы көремін. 21-ғасырда кітап ешкім оқымайды деген сөздермен келіспеймін.
7. Бимен 2сыныптан бері айналысқанмын)
8. Воллейбол мен баскетболға қатыстым. Бірақ бойым ұзын емес)))))
9. Бойым 160см.
10. Жаз мезгілі ұнайды.  
11. Ш.Уәлиханов атындағы #10 орта мектеп-гимназиясының 10ә сынып оқушысымын. Жаратылыстану-математикалық бағыт.
12. Ең сүйікті пәнім-ағылшын тілі
13. Ең алғаш ұстаған телефонымның моделі motorola )))))
14. Манты,пельмени,лағман және тортты жақсы көрем.
15. Мінезім тұйықтау негізі. Сырымды ешкімге айтпаймын.
16. Тез бауыр басып қаламын. Тез сенемін. Тез ренжимін. Тез ренішімді ұмытып кетемін. Бірақ,көңілім қалса жек көріп кетем.
17. Екі жүзділікті жек көрем.
18. Адалдық,шыншылдық,имандылық,қарапайымдылық,адамгершілікті бағалаймын.
19. Кішкентай бөпелерді жақсы көремін.  
20. Болашақта жетімдер үйінен бір бала асырап алғым келеді (Отбасылы болған соң)
 21. Руым-Найман!  
22. Өзіме жақын 2 құрбым бар. Олар иманды,қарапайым қыздар. 10 жылдан бері доспыз. Қиын сәтте демеу бола алады. Аллама осындай достарды бұйырғанына шүкіршілік етемін.
 23. Адамдармен шын өмірде тез тіл табысып кете алмаймын. Себебі,көп сөйлемеймін.
24. Сурет салғанды жақсы көремін.
25. Музыканы жаным сүйеді.
26. Мен үшін бақыт-ата-анам мен бауырларымның амандығы.  
27. Байлыққа қызықпаймын. Адами құндылықтарға аса мән беремін.
 28. Арманым көп.
 29. Сыйлағанды сыйлаймын. Маған істегенді өзіне қайтарамын. Кек сақтамауға тырысамын.
 30. Қырсықпын,өз қалауымды ғана істеймін.
31. Жанар Дугалованы үлгі тұтамын.  
32. Реал Мадридтің фанаткасымын.
33. Үй жинаған ұнайды.  
34. Негізі виртуалды махаббатқа сенемін. Шынайы жақсы көрген кезде,ара қашықтық түкке тұрмайды.  
35. СЖ-ға бұрын тіркеліп қойғанмын. Бірақ кірмейтінмін. Қазір күніне 2-3 рет тұрамын.
 36. Өтірікті,имансыздықты,тәкаппарлықты,екіжүзділікті,әділетсіздікті жек көремін!!!
37. Кейде өзінше болып қалатын әдетім бар))
38. Етті жей алмаймын. Ұнатпаймын.
39. Жағымпаз адамдарды ұнатпаймын.
40. Ағылшын тілін жақсы меңгеріп алғым келеді.
41. Көп күлетінмін бұрын. Қазір,күлетін нәрсеге ғана күліп,кейде тіпті күлмеймін)
 42. Жәндіктерден қатты қорқамын. Біреу қоңыз,құрт,өрмекші жайлы айта бастаса,денемде кетіп бара жатқандай болады,тітіркеніп кетемін. Бірақ оларды өлтіруге қимаймын.
43. Туған күнімді,жаңа жылды жақсы көрем.  
44. Дәрігерлік мамандықты жақсы көремін. Бірақ,аудармашы болғым келеді.
45. Бұл сайтта мен жақсы көретін бір адам бар))
46. Қызығушылығым өте көп)  
47. Көліктерден lexus ұнайды.
 48. Subway Surf,Highway Rally сияқты ойындарды жақсы көремін)
49. Мысық пен иттерді жанымдай жақсы көремін! 50. Мен жақсы көретін адамдарды біреу ренжітсе,аямаймын )))  
51. Менікі деген нәрсеге (адам болсын,зат болсын) біреу тиіспек түгілі,қарағанын да қаламаймын.  
52. Мен жақсы көретін адамның маған ғана көңіл бөлгенін қалаймын.
 53. Қол сағатын ұстап жүрген ұнайды)
54.Көңілді адамдар ұнайды.
55. Қолымнан келгенше адамдарға көмегімді аямаймын.
56. Ашуланғанда іштей сабырлыққа өзімді шақырам.
57. Ұзын шаш ұнайды.
58. Көп ойланамын. Бірақ қияли емеспін.
59. Мешітке кіріп көрмедім.
60. КН-ның фанаты емеспін.
61. Айнаонлайн ұнайды.
62. Таңғы ас ішпеймін.
63. Шашым беліме дейін
64. Тазалықты жақсы көремін.
65. Жаман әдеттерім жоқ.
66. Қалап тұрған нәрсемнен бас тарта алмаймын.
67. Қараңғыдан қорқамын.
68. Айтқанымды істемей қоймаймын.
69. Бір істі бастасам,соңына дейін аяқтамай тынбаймын.
70. Өз-өзіне қарайтын адамдар ұнайды.
71. Қазақ сыныбында оқимын.
72. Саяхаттағанды ұнатамын.
73.Жазда түнде өзен жағасында отырған ұнайды.
74. Өмірлік ұстанымым: Маған не істесең-алдыңа соны әкелемін,мені қалай сыйласаң-сені солай сыйлаймын)),Әр қиындықтың артынан бір бақыт келеді.
75. Ешкімге еліктемеймін,керісінше,маған еліктесін.
76. Біреуді ренжітсем,кешірім сұрай білемін.
77. Махаббатпен ойнайтындарды жек көрем!
78. Қазақтың ұлттық тағамдарының барлығы ұнайды. (еттен басқа)
79. Велосипед тепкенді жақсы көремін.
80. Патриотпын!
81. Жиі айтатын сөздерім:  Базар жоқ. Күшті. Иә. Ужас. Айтсаң болды ғой.
82. Жоқ жерден ұрыс шығарып жіберетін кездерім болады.
83. Күттірген ұнамайды. Күте білемін.
84. Ұнатқан нәрсемді алмай  қоймаймын.
85. Әр түрлі тамақтар пісірген ұнайды.
86. Көңілсіз жүретін,өмірден түңіліп кеткен адам емеспін. Әрқашан бақытты болып жүруге тырысамын.
88. Зрением нашар,яғни -4.
89. Әр түрлі шаш үлгісін жасаған ұнайды.
90. Тосын сыйлар жасаған ұнайды.
91. Арабша,түрікше,французша үйренгім келеді.
92. Осы сайт ұнайды) Бірақ мұнда ешкімді танымаймын.
93. Көңілсіз кезде көңілсіз әндер тыңдаймын.
94. Ауылымды жақсы көремін. Бірақ анда-санда ғана барып тұрамын.
95. Салауатты өмір салтын ұстанғанды жөн көремін.
96. Атқа отырып көрмедім. Отырып көргім келеді.
97. Түнде кеш жатамын.
98. Мағыналы рэптер,лирикалық,әсерлі өлеңдер ұнайды.
99. Қорқынышты фильмдер мен комедиялар көргенді ұнатамын)
100. Тағы бір факт,осы 100фактты 100минуттан аса көп уақытта жаздым ғой))) Шыдамды екенмін)

Назар аударып оқығандарыңызға рахмет! Алла жар болсын! Ойдан құрастырмай,тек шындықты жаздым)

10 пікір

Блогың керемет! Күткенімнен де керемет!

Шындықты жазғаның көрініп тұр. Бәрінен бұрын 45 ұнады))

Бұл жазғандарыңның көбісін біледі екенмін)

Басқа да тақырыптарда жазған блогтарыңды асыға күтемін..
рахметик)) )))))
мен деТалдықорғаннанмын.Талдықорғандамын.
оу Мәке, Талдықорғандамын деп нені айтқың келді?))
Хоть бiр адам бар екен ғой Талдыктан))
Талдықтан адамдар көп СЖ-сайтында.
кушти екен
аккаунтын өшірген.....(((
Бұл кімнің блогы оны қалай білеміз өзі ?
Бұл блогтың иесі өзінің СЖ сайтындағы парақшасын өшірген.
117,316 сұрақ
300,194 жауап
153,155 пікір
64,004 қолданушы