Ербол Серікбай туралы 100 факт

Сәлем достар. Мен де өзім туралы толық ақпаратты  барынша толықтырып өзім туралы 100 факты жазып шығуға тырысамын. Орындары ауысып жазылуы мүмкін, себебі есіме түскенін тізіп кете бермекпін. :)

Жақсы кеттік.

1. Аты-жөнім Ербол Серікбай Амантайұлы. 1989 жылы 13-ші желтоқсанда ОҚО Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекені, Қажымұқан ауылында Серікбай Амантай және Досжанова Ақеркенің отбасында дүниеге келдім.

2. 4 ағайындымыз. 1 әпкем (тате,апа) және екі інім бар.

3. Руым. Ұлы жүз-> Дулат -> Жаныс -> Бөгежілі

4. Анам кішкентай кезімнен бастап, маған көп көңіл бөлді. Менен кейін өсіп келе жатқан інілерім маған қарап өседі деген оймен солай еткен болар. Сондықтан ба оқуда аздап алғыр бала болдым.

5. Уақыт босқа өткізбесін деп, Музыка мектебіне берді. 4 жыл бойы баянда ойнағанмын. Бірақ адамның шын ниеті болып, ынтасымен ойнамаған соң түк шықпайды екен. Бәрібір баянда қатырып ойнай алмадым.

Сол кезде бір нәрсеге көзім жетті:

Ешқашан баланы зорлап оқы, мынаған қатыс, дәрігер бол т.б. секілді бала үшін шешімді қабылдамау керек екен. Адам өзі қызыққан нәрсемен әуестенгені жақсы. Сәл болғанда анамның айтқанына көніп, Мұғалім немесе өзім ұнатпайтын Медицана саласына кетіп қалатын ба едім бәлкім... Бірақ мен өз дегенімде тұрып, ақыры Информатика саласының бағытына кеттім, өз таңдауыммен.

6.  Мектеп кезінде асықты жақсы ойнадық. Студент кезде сүйікті ойын CS 1.6 болатын. Группадағы үздік ойнайтындардың қатарынан едім деп мақтанып қойайын.

7. Туылған күнді жаттау мен үшін ең қиынның қиыны. Тек өзімнің және анамның туылған күні қай күн екенін білемін. Тіпті інілерім, әпкем, әкемнің туылған күні қай күн екенін білмеймін. Жаттап алуға болады, бірақ менде қызық бір стериотип бар.

8. Тура осындай бір қызық факт бар, мен осы күнге дейін әлі дұрыс қай айдан кейін, қай ай екенін жатқа білмеймін. Орысша болсын, қазақша болсын. Үнемі интернеттен қазақша ай аттары деп іздеп отырамын. :) Мақтанатын жағдай емес, бірақ осындай екенмін.

9. 10 сыныпқа дейін, есекке отырып келген шығармын. :) Арбаға жегіп, отынға баратынбыз. Сабақтан келіп ауыл аралап, есекпен сиыр іздейтінмін.

10. Димашқа Биология пәнінің мұғалімі ұнаса, маған Информатика пәнінің мұғалімі ұнайтын. :) Менің осы салаға кеткендігімнің себепкері сол жас мұғалім болған шығар деп қоям.

11. Достарым көп. Сыныптастарыммен де әлі күнге дейін жақсы араласамыз. Жақсы араласатын группаластарым да жетеді.

12. Сұрақ-Жауап сайтын 10.10.2010 жылы аштық. Алдын бұл сайт surak.termin.kz доменінде орнатылып, сонда тексеруден өткіздік. Сосын барып surak-zhauap.kz хостинг сатып алып сонда орнаттық. Қазір szh.kz қысқартылған домені бойынша сіздерге қызмет түрін көрсетуде.

13. Осы сайт менің тұңғыш балам секілді. Жетістікке жетіп жатса, қуанамын. Барлық уақытым осы сайтқа арналған. Бір-бірімізді жетелеп, бір-бірімізді асырап келеміз.

14. Ең бірінші ұстаған ұялы телефоным Нокиа Айка еді. :)

15. Шымкентте 6 жылдай тұрдым. 4 жыл студенттік кезім, 2 жыл жұмыс. Сондықтан болар мен үшін қатты ыстық қала.

16. Шымкент қаласындағы Фармацевтика академиясында 1,5 жыл бойы лаборант болып жұмыс істедім. Ербол ағай болып. ))

17. Алатын айлығым 28 мың теңге. Әлі күнге дейін таң қаламын, қалай осынша айлық алып, күн көрдім деп.

18. Алматы қаласында жүргеніме 2 жыл болып қалыпты. Сұрақ-Жауапты дамыту үшін осы қалаға келдім.

19. Барлығы мені программист, блоггер деп ойлайды. Бірақ менен программист шықпады.

20. Код жаза алмаймын, бірақ проекті жақсы жоспарлай аламын. Сондықтан CMS негізінде сайт жасаймын. Сұрақ-Жауап та осы Open Source-тың негізінде жасалған. Әлем бойынша көптеген программистер осы сайттың движогын дамытады, ал мен дайын жүйені өзімізге ыңғайлы етіп бейімдеймін.

21. Ауылда өскен бала болған соң ба ауылымды сағынамын. Қайта ауылға кетіп қалғым келеді, бірақ онда мен істейтін жұмыс жоқ. Сондықтан Алматыда жүре тұрамын. :)

22. Үйленбегенмін. Әзірге...

23. Интернетте отырған ұнайды. Интернетпен байланысты жұмыс ұнайды десем болады.

24. Мейлі түнгі сағат 4-5 болса да ноутбукпен жұмыс істегенде светтің жарығы жанып тұруы керек мен үшін. Сондан болар Құдайға шүкір көзімде +- жоқ екен. 7-8 жыл болды компьютермен жұмыс істеп келемін.

25. Кино көрген ұнайды.

26. Бір ән ұнап қалса бір апта бойы қайталап тыңдап жүре беремін.

27. Болашақша Шымкент қаласында өмір сүргім келеді.

28. Әлемді аралаған ұнайды. Алдағы уақытта жағдайымды реттеп алған соң, әлемді аралаумен әуестенетін шығармын. Жылына бір мемлекетке саяхат жасау.

29. Барселона футбол командасының жанкүйерімін. Бір де бір ойынын жібермей көруге тырысамын.

30. Мұзда сырғанаған ұнайды. 

31. Алматы қаласында 2 жылдай тұрып жатырсам да Шымбұлақ пен Көктөбеге бармаппын.

32. Болашақта Сұрақ-Жауап сайтын үлкен бір жоба еткім келеді. Барша Қазақстандықтар күнделікті сайтқа кіріп, не болып жатыр екен деп тұрақты кіріп тұратын дәрежеге жеткізу.

33. Алматы қаласында 2 жыл тұрсам да ай сайын Шымкент қаласына барып тұрақты 6 жыл бойы алдырып тұратын шаштаразыма барып алдыртады екенмін.

34. Қайда барсам ба қасымнан наушнигім қалмайды. Ән тыңдап жүрген ұнайды.

35. Нью Йорк қаласына бару арманым. Арманымның аладғы 3-4 жылда жүзеге асатынын сенімдімін. Қалай да осы мен үшін арман қалаға бару міндет.

36. Көбіне күнде түнгі сағат 3 болмай ұйықтамаймын.

37. Үйдегілер үшін мен Қара баламын.

38. Көп армандаған ұнайды. Мені алға қарай жетелейтін секілді.

39. Армандаған жақсы ма деп қоямын. Армандап жүріп, аяқ астынан байқамай Испания елінен бірақ шықтым. Сол өзімнің арманымдығы Камп Ноу стадионын, Барселона қаласын көрдім. Сондықтан қазір Нью Йорк қаласына баруды армандап жүрмін. :)

40. Қанша мәрте Жако ағамызды көріп, қолын алып сәлемдесейін десем де Жако ағасын көре алмай жүрмін. Құдай қаласа осы жазда Тараз қаласына барып Жако ағамен бірге шер тарқатып отырып шай ішсем ба деген жоспар бар.

41. Жалғасы бар...

 

Мен туралы 100 факт 23.01.2015 жариялады

3 пікір

Ербол аға, блогыңыз күшті ғо. Уақытым аз болса да оқып шықтым. Нағыз блогердің блогы. Факттарды қызықтырып жеткізіпсіз.

7-8дерде жазылғандар ерекше, әрі қызықты мәлімет екен))

Армандарыңыз бен мақсаттарыңыз орындалуына тілектеспін, әсіресе 32 :)
Жалғасын кім жазад?
7.26.34  тура мен жайлы айтылған сияқты.)))
116,265 сұрақ
295,203 жауап
152,913 пікір
61,090 қолданушы