Мен жайлы 100 факт

1.СЖ-ға 2013 жылдан бастап кіремін
2.11-сынып оқушысымын
3.Туған күнім 25.01.98 туған күнім жақындап қалды)
4.Биыл Құдай қаласа ҰБТ тапсырамыз
5.Жоғары балл алғым келеді
5.Алатыныма үміттенемін
6.Мектептің қадірін енді түсініп жүрмін
7.Екінші үй деген шын екен,үйге тек тамақ ішіп,ұйықтауға келемін
8.Болашақ тіл маманымын
9.Сондықтан болар,қатегебей-жай қарап тұра алмаймын
10.Аздап өлең шығарамын,әсіресе қиялы өлеңдер жақсы шығады
11.Шығарған өлеңдерімді жарияламаймын,көбіне жойып жіберемін
12.Суретті жақсы саламын,архитектор болып кетуім де ғажап емес
13.Мені құрылыс саласы қатты қызықтырады,әттең қызбын)
14.Қатты қызығушылықпен оқитын пәндерім жоқ
15.Жазуым түсініксіз!Дәрігерлердікі сияқты
16.Ырым-тыйымдарға көп сенбеймін,анамның қатты сенетіні ұнамайды
17.Өзіме жаққан әндерді ғана твңдаймын,хит әндерге қатты қызықпаймын
18.Хит деген сөзді жазамын деп х әріпін біраз іздедім
19.Комптан не соткадан ойындар ойнағанды ұнатпаймын,уақытым зая кетеді
20.Түске сенемін
21.Салмағым 50,бойым 167 см
22.Не арық,не толық емеспін.Бірақ ата-анам мені тым арық деп ойлайды
23.Бауырларым мен сіңлілерім бар
24.Оларға көп ұрсамын,бірақ оларсыз өмірімді елестете алмаймын
25.Өзімнен 2 жас кіші сіңілімді жек көремін,мүмкін тете болғаннан шығар
26.Одан көп таяқ жеймін,бәрін тілімнен табамын)
27.Сабақты жақсы оқимын,мүлдем оқымайтын балаларды түсінбеймін болашақтарые ойлау керек қой
28.Өзім болашағым жайлы көп ойлаймын
29.30-дар шамасында аспазшылық курсын оқып,кафе не ресторан ашқым келеді
30.Тамақты дәмді істеймін,ойдан тағамдар шығарғанды ұнатамын
31.Ата-анамның кейде жастардың қылықтарын жасағандары ұнамайды
32.Үлкен адамдардың сағыз шайнап жүргені ұнамайды
33.Адамдар қанша мақтаса да,эмоциямды сыртқа шығармаймын
34.Құрбыларым шашым мен қасыма қатты қызығады,бірақ өзіме ұнамайды
35.Қызғаншақпын
36.Аздап көре алмаушылық та бар,қан жібермейді ғой)
37.Өмірі қолым тимей жүреді
38.Сабаққа ерте бара алмаймын,қанша ерте дайындалсам да,әйтеуір бір кедергіге тап боламын
39.Артық сөйлемеймін
40.Беталды сөйлейтін адамдарды ұнатпаймын,әсіресе ұл балалар
41.Iнім солардың қатарына жатады,сондықтан оны бөлмеге кіргізе бермеймін
42.Ұнамаған нәрсемді көбіне айтып саламын
43.Білмесем айта қоймаймын,бірдеңеге күмәнді болып отырғанымды мұғалімдер қабағымнан біледі
44.Дауласқанды ұнатпаймын
45.Біреуге берген нәрсемді қайта-қайта сұрай бермеймін,кейде тіпті сұрамаймын да
46.Өзімді көрсете бергенді ұнатпаймын
47.Тіпті осы сайтта да көп адамдарға бейтаныспын
48.Мақтанған ұнамайды,кейде бірдеңеге қатысып,жеңгенімлі ата-анам жұрттан естіп жатады
49.Қазір әлеуметтік желілерге көп кірмеймін,СЖ-ға да
50.Жақсы бітіріп,грантқа түскім келеді
51.Психолог атаулыны ұнатпаймын
52.Аурухаға барғанды да ұнатпаймын,медтексерісті де қойдырып ала саламын,мүмкін өз-өзіме жаным ашымайтын шығар
53.Көшеде тамақтанғанды жақсы көремін
54.Ыстық тамақты көп ішпеймін
55.Шайды жақсы көремін
56.Биыл нағыз батыл іс жасадым,интернетті алып тастауды өзім өтіндім
57.Ол болса сабақ оқымайтынымды білемін
58.Сұраншақ емеспін,ұнамайды
59.Смартфон ұстаймын,бірақ маған кнопкалары бар телефондар ұнайды
60.Жүрегіме тез жақын алып қаламын
61.Маған ұрысқан адамды көңілім қалып қалады
62.Бұрын қатты жақсы көрген адамды қазір қатты жек көремін
63.Ғашықпын
64.Қазақша жақсы сөйлеймін,орысша білсем де көп қолдана бермеймін
65.Теледидар көп көрмеймін,бірақ жаңалық көргенді жақсы көремін
66.Шытырман киноларды көргенді жақсы көремін...жалғасы бар!Сабақ оқу керек.Телефонмен жазғандықтан қателіктер болса,айып етпеңіздер!
Мен туралы 100 факт 23.01.2015 жариялады

6 пікір

Қош келдің сайтқа, Садықова. Сені көріп қуанып қалдым ғо)
Блогың қызық екен, маған ұнады.

ҰБТ-ны жақсы тапсыруыңа тілектеспін..
Сәлем! Рахмет соның машақатымен жүріп сайтқа кіретін уақыт болмайды.
ҰБТ-ны ойдағыдай тапсыруыңа тілектеспін және келе жатқан туған күніңмен!
ҰБТ-да сәттілік тілеймін.
Sadykova Сен жоқ жерім кеңіп жүр сайтта)
енді біраз тарылатын болды)
116,264 сұрақ
295,192 жауап
152,913 пікір
61,078 қолданушы