Қызықты деректер 10.01.2015 жариялады

Бельгиялықтар үй жануарларын өте жақсы көруімен танымал. Әр отбасында кем дегенде екі мысық немесе ит өсіреді.

Әлеуметтік сауалнаманың қорытындысына сүйенсек, бельгиялықтардың 92%-ы «сырттан» тамақ ішкенді жақсы көреді. Бұл - әлемдегі ең жоғарғы көрсеткіш.

Ел астанасы Брюссельдегі «Завентем» - халықаралық әуежайы  шоколад және кәдесый  сату  жөнінен әлемдегі ең ірі нүктелердің бірі.

Бельгияда сыраның 800 түрі дайындалады.

Бельгияда ресми 3 тіл бар. Елдің солтүстігінде нидерланд тілінде, оңтүстігінде француз тілінде, ал шығыс бөлігінде неміс тілінде сөйлейді. Әр бельгиялық кемінде 2-3 тілді жетік меңгерген.

Еуропадағы ең ұзын адам Бельгияда тұрады. Оның бойы 2 метр 30 сантиметр.

Бельгияның Тьё қаласында кемелер көтерілетін әлемдегі ең үлкен лифт орналасқан. Оның биіктігі 73,15 метр.

Массагет сайты

117,265 сұрақ
299,799 жауап
153,153 пікір
63,871 қолданушы