Жұбатхан жайлы тура 100 дерек

  1. Нұрғалиев Жұбатхан Ерланұлы - менің толық атым.
  2. Әлгі ұйымдастырылып жатқан бәйгеден 10 мың ұтып алсам, дәл қазіргі өмірімдегі барлық мәселелер шешілер еді. Егер дәл қазір қолымда 10 мың болса, бәрін орын-орнымен жұмсар едім. Өйткені қазір кризистік жағдайдамын, ақша қатты керек болып жүр.
  3. Қаражаттан көп қысыламын, өйткені сұраған адамға бере саламын. Маршрутқа майда болмай бүтін 200 теңге де тастап кете беремін (ақша бар кезде)
  4. Қазір мен жайлы оқып жатқан 100 фактіңіз 101 пайыз шындық, арасында 1 өтірік қоспауға Алла деп уәде беремін.
  5. Қызылорда облысы Шиелі ауданы БалаБи ауылы С.Сейфуллин көшесі №22 үй 3-бөлме көше жақ беттегі.
  6. Қазір Қызылорда қаласында Қорқыт Ата атындағы ҚызМУ-нің 1-курс студентімін.
  7. Мамандығым - Әлеуметтік жұмыс. Сіз білмесеңіз, оның не екенін өзім де білмеймін.
  8. Оқу тобым - СР-14/1, топта 11 студент, журнал бойынша №8. Кейде 7, кейде 9.
  9. Кластасым, группаласым, ауылдасым, жатақханаласым - Інжу деген қызға ғашық емеспін. Оның мінезі ұнамайды.
  10. Сұрақ - Жауап сайтының қолданушысымын.
  11. Бойым - 1,68, өскен шығармын енді.
  12. Жасымды қайдам, жыл сайын өзгеріп отырады ғой. :))
  13.  Ойнап айтам, 17-демін.
  14. Туған күнім - 29 қазан, 97-мін. 3 шаригім түсіп қалған ғой.
  15. Оң қолымда 5 саусақ, сол қолымда 5 саусақ - жалпы 10 саусағым бар.
  16. Өлең шығарамын, бірақ ақын емеспін. Өлеңдерім өзіме ұнайды, өзгеге қайдам.
  17. Анамды қатты құрметтеймін.
  18. Отбасымда анам, әкем, үлкен тәтем, мен, інім. Ия, уже санап қойсаң жалпы 5 адамбыз.
  19. Анам әкемнен 3 айдай үлкен.
  20. Папаға да, мамаға да, ініме де еркелеп жүремін.
  21. Анам 1966, әкем 1967, інім 2001, әпшем 1989, мен 1997.
  22. БалаБи ауылында мені көбі, халықтың 70 пайызы таниды, ал қалғандары бөпелер, шал-шауқандар шығар.
  23. СЖ-дан ұнатпайтын адамдарым көп, ал ұнататындарым одан да көп.
  24. Былайша ешкімге еліктемеймін, тек Том Сойерге өзімді қатты ұқсатамын.
  25. Админстратор немесе модератор болғым келеді, жасырмаймын. Себебі жөндейтін қателер көп.
  26. Шын өмірде онша сөйлей бермеймін, бақытты кезімде менің аузымды ешкім жаба алмайды.
  27. Компьютерден бірақ нәрсе қағамын, жақсы білемін дей аламын.
  28. Менің әулетім кезінде бүкіл ауылға танымал, белгілі болған. Ахановтар әулеті жайлы ән де шыққан.
  29. Менің лақап аттарым өте көп.
  30. "Черная шоколодка", "Хакер", "Зимой летом одним цветом", "Профессор", "Әнші балапан", "Ақын бала", "Қара бала", т.б.
  31. Мені бәрі Жуба дейді, осы сөз бен құлақ етімді күнде жейді. "Жуба, үйтші", "Жуба, бүйтші" деп.
  32. Көп нәрсеге қызығамын.
  33. Жүзе алмаймын.
  34. Көлік жүргізе алмаймын.
  35. Мылтық ата аламын. Тирді де. Тек соқыр мергендігім болмаса. Қосауыздан дәл атамын, бірақ мұны ешкім білмейді. Сенен басқа.
  36. Інімді жақсы көремін.
  37. Ақша үнемдей алмаймын, бәріне бөліп бере саламын.
  38. Тез ғашық болам, тез басылам. Тауық махаббат, желікпе көңіл.
  39. 100 факт дегенді көп көрем, бірақ алғаш жазуым.
  40. Вк, Уатсап, МойМирге кіремін, қалғандарына қарағым да келмейді.
  41. Суретке онша түсе бермеймін.
  42. Кітапты көп оқимын, тіпті маршрутта да.
  43. Қызылордада Қызылжармада, Титовта, Арбаттың бойында тұратын жайларым бар.
  44. Жан досым жалғыз, есімі - Сұңқар.
  45. Жаза жаза, ақыр соңында  жазатын нәрсе таппай отырмын.
  46. Аяқ киімімнің размері - 42.
  47. Ғылыми жобалар мен конференцияларға қатысқым келеді.
  48. Сурет сала аламын, өлең шығарам, ән айтам, шешенмін :))
  49. Дойбы, шахмат ойнаймын, шашкінің түр - түрлерін ойнай аламын.
  50. Картаға қызықпадым, ойнамадым. Тек осы жылы үйрендім, онда да ешкіммен ойнамаймын.
  51. Ақ пен қара түсті қатты ұнатамын.
  52. Жұлдызым - Сарышаян. Жылым - сиыр. осы екеуіне қатты ұқсаймын.
  53. Почеркім нормалні, өзіме ұнайды.
  54. Қыз іздеп жүргенім жоқ, 4 курста ғана қызға қарай бастаймын. 
  55. Ата -анамды  бақытты қылу - бұл өмірдегі басты арманым.
  56. Анам - мен үшін әлемдегі №1 адам, қатты сыйлаймын.
  57. Қыс мезгілін ұнатпаймын, жаз  жаныма жақын.
  58. Дінім - Ислам, пайғамбарым - Мұхаммед (с.ғ.с.), тәңірі - жалғыз Алла.
  59. Сиқыр менен магияға, духтар мен елестерге сенбеймін.
  60. Фантастика мен боевикке құмартамын.
  61. Автоматтан "фортуна" (рулетка) ойнаймын, былайша жақсымын.
  62. Қытай да, орыс та достарым бар. Қытай шын өмірде, өзбек шын өмірде, орыс виртуалда.
  63. Шетелге шыққым келеді. Ең болмаса Қазақстанның басқа қалаларына.
  64. Ақан серіге еліктеймін. Оның еркіндікті қалайтыны, кең даланы ұнататыны менде де бар.
  65. Өзімді патриотпын деп атай аламын.
  66. 2014 жылы ҰБТ тапсырдым. 89 бал. Орыс тілінсіз 75 бал.
  67. 11 сыныпта мүлде сабақ оқымадым, соңғы жағында ҰБТ жақындағанда болмаса. 
  68. Кей-кейде өмірден түңіліп кетемін, қазір общым өлгім де келеді. Тек отбасым үшін жүрмін. Егер жалғызбасты болғанымда бұл дүниеде әлдеқашан жоқ болар едім.
  69. Сынып жетекшімді жек көремін, тест кітапшаларына, альбомға деген талай мың ақшаны жеп қойды.
  70. Қазір универ қабырғасында үнсіз ғана бұзықтық жасап жүрмін. Платонусты бұзып дегендей.
  71. Группаластарымның ешқайсысы маған ұнамайды.
  72. Автобуста үлкен кісіге (егер ол +25 жас шамаларында болса және одан асса)  орын бермей қалған кезі болған емес.
  73. Ата-анам орташа дәулетті кісілер, тек қазір шамалы қысылып жүрміз. Жаңа үй сатып алмақшы едік.
  74. Әскерге барғым келмейді. Ал бірақ соғыс бола қалған жағдайда ешқашан тартынбақшы емеспін.
  75. Интернеттегі, саясаттағы маңызды жаңалықтарға құлақ түре жүремін.
  76. Кинотеатрға өмірімді бір-ақ рет кіріп көрдім. Ал мұз айдынын ешқашан барып көрмеппін.
  77. Жігіттер түсінер, 17-демін, әлі нағыз істі істемедім.
  78. Егер мен аяғымнан тұрып кетіп, жұмысқа орналассам, ең бірінші бір адамнан, оның әулетінен кек аламын. Тәтем үшін.
  79. Кейде эгоистігім де болады, бірақ көпшілмін. Қолымда тиын, барар жерім болмаса да ел ішіндеміз ғой деп жүре беремін.
  80. Мен үшін ең қорқынышты нәрсе - жалғыз қалу, не доссыз, не отбасысыз. 
  81. Жұртқа сеніп жүре беремін.
  82. "Жас Алаш" газетін сүйіп оқимын, СЖ-ға сүйсініп кіремін, Вк-дағы музыкаларымды сүйіп тыңдаймын.
  83. Бананға ешқашан тоймаймын. Алдыма қаншасын әкелсе де жей беремін.
  84. Көңілді, ырғақты музыкалар ұнайды.
  85. Рэп тыңдамаймын, ұнатпаймын, жек көремін. Рэперлерді де.
  86. Бәсекелестікті ұнатамын. Сабақты жарысып оқимын.
  87. Ешкімге айтпаған сырларым көп. Егер оны біреуге айтсам, бұл мүмкін болған жағдайда, мен ол адаммен ешқашан ара-қатынасымды үзбеймін.
  88. Ата-анама келінді бірінші өздеріне көрсетіп барып әкелсем деймін.
  89. Келіншегімді міндетті түрде алып қашатын боламын. 
  90. Салақтығым бар, кейде жалқауланамын.
  91. Уф, үйтіп бүйтіп 90-ға жеткіздік-ау.
  92. Білетінім - бір тоғыз, білмейтінім - тоқсан тоғыз.
  93. Адам аттарын жаттай алмаймын. Вечерде танысамын, жарты сағаттан соң уже ұмытып қалам. Актерлерді де солай.
  94. Мен бұл жазбаны ғылыми-техникалық кітапханада жазып отырмын. Қызылордада ең көп келетін жерім - кітапханалар.
  95. Студенттер сарайының тұрақты оқырманымын, ҒТК-ға компьютер үшін келемін, әмбебап кітапханаға жолым түскенде ғана барамын.
  96. Қыздармен тез достасамын.
  97. Егер сен осының бәрін оқып отырсаң, ешкімге айтпа.
  98. Ең сүйікті мейрамым - өзімнің туылған күнім, одан соң Жаңа Жыл.
  99. Мені қызықтыратын қолданушылар 100 факт жазса екен деп мен де қалаймын.
  100. Қарным ашса тамақ жеймін, есінесем ұйықтай бастаймын, кірлесем моншаға түсем. :))

100-ге зорға толтырдым-ау. Болды, рахмет. 

Мен туралы 100 факт 22.01.2015 жариялады

6 пікір

Керемет жазба қызығып оқыдым , рахмет
Ұқсастыгымыз коооп екен!)
Әзілкеш екенсің ғо. Өткендегі оқиғаны ойласам күлгім келе береді.... Бір айта кететінім кек алу туралы ойламағаның жөн, өмірдің өзі оған жазасын береді. Thank you. Әззетіп оқыдым.
Нағыз істі тездетіп жаса.
2015те жазыпсыз мен жаңа оқып жатырм)))) күшті жазылған. бананға мен де тоймаймын
Өзіңнің бұрын жазғаныңды ес кіргенде оқысаң ұялады екенсің ))) 101-інші факт.
116,053 сұрақ
294,506 жауап
152,845 пікір
60,451 қолданушы