2014 жыл. Қазақты масқаралаған туындылар

1. Шырайлы Шығыста қазақтың ұлы ақын Абай Құнанбаев пен Евгений Михаэлиске арнап ескерткіш орнатылған еді. Түн жарымда орнатылған мүсіннің сыйқы қоғамда үлкен дау тудырды. Абайды мүгедектер арбасына танып қойған мүсіншінің де, тапсырыс берушілердің де саналары жетілмегені анық байқалады. Халықтың қызу пікіріне түсіп, табасына қалған ескерткішті облыс әкімінің қадағалауымен дереу алып тастады. Арқаны кеңге салып тарихи қателіктен құтылғандай болдық.
Ал, осы тендреді ұтып алған Өскемен қаласы әкімдігі тексіз болғаны ма, әлде ессіз болғаны ма? Кім білсін?!

2. Жарнама жасаушысымақтар Күй атасы Құрманғазы мен орыстың ұлы ақыны Пушкинді сүйістіріп, қазақтың намысын аяқтың астында ойнатты. Ұлтымыздың сүйегіне зор таңба салғандарымен қоймай, суретті халықаралық байқауға апарып құнымызды көк тиын еткізді. Дер кезінде оянып, атқа қонып «Жаңашылдық» деп ұран салған көгілдірлер тобын құрықтай білдік. Сот алдына сүйреп апарып, жазаларын тарқыздық да! 
Дейтұрғанмен, санасыздардың жасаған жүгенсіз қылықтары жанымызда мәңгі жазылмай қалатын жара болары сөзсіз. Тірілердің аузын айға қаратып, өлілердің рухын қорлағандар екі дүниеде де оңбасы қах!

3. Бұл жолы бізді масқаралағандар сүттің қаймағаны балап жүрген жұлдыздарымыз болды. Шетелдің қаңсығына еліктеген Роза Рымбаева, Нұрлан Абдуллин, Әли Оқапов, Ерлан Мейірбеков сынды әнші-орындаушылар халықтың табасында қалды. Клиптің продюсері бұл туралы өзінің Фэйсбуктағы парақшасында: " Естеріңізге саламын, бұл жай ғана пародия және әзіл ән. Бұл әнді барлық тойдың басты асы Бешпармаққа деген құрметіміз деп түсініңіздер", – деп жазды. 
Әзіл әнмен ұлттық тағамды құрметтемек болғандардың ақыл-естерінде аздаған ауытқушылық бар болуы, мүмкін. Өйткені, қазақта «Аспен ойнама!» деген керемет сөз бар.

4. Шыны керек, біздің аты өшкір Боратқа ренжейтін жөніміз жоқ. Өйткені, Баян Есентаеваның бас продюсерлігімен Асқар Ұзабаев «Абайлаңыз, сиыр!» атты фильмін жарыққа әкелді. Жалпы сюжеті ауылдан қалаға кетіп, кейіннен туған жеріне оралған қазақ қызының өмірін суреттейді. Қазақ жастарын бір-біріне жабыстырып, шылымға таластырғандарымен қоймай, бөтен тілде шүлдірлеткендері және бар. Қазақта ана тілін біле тұрып ұмытқан адамды мәңгүрт дейді. Оның үстіне Есентаева ханым қызды қырық үйден тыйған, қырық тыйым сөзді білмейді-ау, шамасы.

5. Бұған дейін «Ауылдан қашу;2;3», «Kz Ландия» телехикаялары арқылы танылған Нұртас Адамбаев елді елең еткізді. Халық назарына «Келинка Сабина» фильмін ұсынып, қазақ келіндерінің ар-намысына сызат түсірді. Фильм барысында қатын болғанымен қоймай қазаққа мүлдем жат қылықтарды насихаттап, «Борат» фильмінен әрі асып кетті. Қайын ағаларына қылмыңдаған келіннің ана болып жарытпасыда белгілі ғой. Ендеше, күлдіремін деп бүлдіріп алған ақылсыз Адамбаевтың адам болуы ұзаққа созылатын секілді.

Жоғарыда аталған екі фильмде қазақ кино өндірісі саласындағы ең нәтижесіз, сорақы фильмдердің қатарына жатқызуға болады. Олардың орны сөреден емес, ҚОҚЫСТАН!!!
Мүмкін, жөнсіз есіріп кеткендерді темір тормен қорқытпай-ақ, Үш Жүздің намысына тигендері үшін үш жүз кесек таспен атқылау керек шығар. Сонда ғана өзгелеріне де сабақ болар еді.

Кандидат Өз ойым 10.01.2015 жариялады

9 пікір

Келинка Сабина коммерциялық жақсы қаражат тапқанын жоққа шығаруға болмайды. :) Қазақ киносы даму үшін коммерциялық кинолар кеңінен түсірілуі керек деп ойлаймын.
Бастапқы 1 және 2 туындылар ұят әрине, қалғандарын олай деп ойламаймын.
Ереке, шықырлаған қағаз үшін ұлт намысымен ойнау - санасыздық!

Марат сен мына шақырту туралы айтып жатырсың ба?

шақырту, келинка сабина

Тек осыны емес, Адамбаевтың фильм ішіндегі әр кадрда жасаған ақылға сыйымсыз тұстарын айтып жатырмын.
Түсінікті. Мен өз басым қанша мәрте осы киноны барып көремін деп, бір жолы түспеді көруге. Сондықтан ешқандай пікір айта алмаймын кино туралы.
Нұртастың кинолары ұнады өзіме, Бастапқы екеуі ұятына ұят, қалғандарынан терең саясат іздеудің қажеті жоқ сияқты, көңілді, креативті шыққан кинолар.
Келинка Сабина деген туынды маған ұнамайды!
Нұртастың өзі де ұнамайд,KZ-ландиясы да ұнаған жоқ, мәдениеті жоқ сериал.Қазақтың келіндері осындай сияқты басқа елдерге мазақ етті.Және де не 1 тілде емес шала қазақша сайрап.Қандай мақсатпен шығарылған фильм өзі?Елімізді масқаралап қаражат тапқаннан не пайда???
Абайлаңыз сиыр нормально киноғой,шетелдің киносын көрсең,ұятсыз жерлерлі көп көрсетеді.Біздің отандық кинолардың сонысы жақсы
115,541 сұрақ
292,615 жауап
152,700 пікір
58,824 қолданушы