Ажалды ақыл да болады...

Жылқымен тіршілігін түзеп отырған кәсіп­кердің атан түйенің бірне­шеуіне бағалап са­тып алған бір сәйгү­лігі аяқ асты ауырып жатып қалады. Оны  тексеріп байқа­ған мал дәрігері:

– Атыңыз қауіпті де жұқ­палы дертке ұшыраған. Мына дәрімен үш күн емдеңіз. Үшін­ші күні аяғына  тұрып кетпесе, онда оны  шұңқырды  терең қазып көмуге тура келеді, – деп нығарлап айтады.

Бұл айтылған әңгімені  көрші қорадағы  шошқа естіп,  дәрі қабылдаған алғашқы күні  сәйгүлікке келіп,  тезірек сауығып кетуін тілейді.

Екінші күнгі емнен кейін де қозғала қоймаған атқа жаны ашып: – Айналайын,  тұрып кетші! Аяғыңды басып орның­нан тұрмасаң, естуімше жағдайың қиын-ау, қиын!.. – деп ескерткен болады.

Үшінші күні мал дәрігерінің өзі келіп атты емдеп, иесіне: – Бір айналып соғамын. Егер ем қонбай еш қоз­ғалыс бол­ма­са, атты көмуге ту­ра келеді. Өйткені, оның дерті жұқпалы, басқа малыңыз аман болсын десеңіз, көнесіз, – дейді.

Бұны естіген шошқа мал дәріге­рі кете салысымен сәйгүлікке ке­ліп: – Айналайыным-ай, қозғал­шы, тірілші! Әйтпесе, мәңгілікке мақұрым кетесің! – деп көзіне жас  ала безілдейді кеп…

Бір кезде шөшекеңнің көз жасы демеді ме, жылқыға жан бітіп, орнынан көтеріліп, аяғына тұра сала осқырынып жер тарпиды.

… Ойпыр-ой,  кәсіпкердің қуаны­шында шек жоқ,  сол күні шошқасын сойып… бүткіл көрші-көлемге той жасағаны бар…

Айтпағымыз – біреудің қал-жағдайында нең бар,  ақылдың да ажалдысы болады.
Қызықты деректер 22.01.2015 жариялады
116,054 сұрақ
294,517 жауап
152,845 пікір
60,461 қолданушы