Өз ойым 13.12.2018 жариялады
Мұқағали атамыз айтпақшы:
Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса, бүлк етiп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып дариялар...

Неменеге жетiстiң, бала батыр?
Қариялар азайып бара жатыр.
Бiрi мiнiп келместiң кемесiне,
Бiрi күтiп, әнеки, жағада тұр, - деген екен. Қария - даналық көзі. Сөзі мірдің оғындай, ақылы терең, жүрегі кең қариялар қашан да ел мен елдің тыныштығын, ел ішіндегі татулықты сақтай білген. Абай атамыз "Бас-басына би болған өңкей қиқым" демекші, қарты бар ауылдың берекесі бар. Себебі елдің ниеті, сөзі, ойы бір болу үшін, елді бастай білетін, елі қостай білетін қариялар керек. Сондықтан үлкенді сыйлап, сөзіне еру елді алауыздықтан сақтап, тыныштық орнауына себеп болады. Ақылы дария қариялардың көкірегі толы өсиет болмақ. Көргені көп адамдардың ақылын тыңдап, сөзін санаға түйіп жүргеннен ешкім жаман болмас.

"Қарты бар үйдің қазынасы бар", - дейді дана халқым. Мен оған "Қарты бар елдің бақ-берекесі бар" деп қосар едім.
117,909 сұрақ
304,112 жауап
153,374 пікір
65,722 қолданушы