Өз ойым 13.12.2018 жариялады
Арамзалық - арамдығы жоғары, ниеті жаман адамның қасиеті. Арамза адам өзгелерді алдасам, олардан пайда тапсам деген ниетпен жүреді. Алайда өзгеге жамандық ойлаған адамның өзінде еш уақытта жақсылық болмайды.

Арсыздық - ар-намысы жоқ, ұятсыз, абыройсыз адамның адамгершілікке жат кылықтары мен мінез-кұлқы. Абай атамыз: «Өзін-өзі күндейді, Жақынын жалған мінейді, Ол - арсыздық белгісі», - деп айтса, Шәкәрім атамыз: «Айла, өтірік, арсыздық өнер емес, Мен де анаудай болсам деп таласарлық», - деп түсіндірген.

Еріншектік - еңбекке зауқы соқпайтын жалқау адамның қасиеті. Қазақ халқы еріншектіктің жаман қасиет екенін үнемі даналық сөздермен білдіріп отырған. Соның бірі - ұлы ақын Абай атамыз кейінгі ұрпаққа бұл қасиетті мынадай сөздермен таратады: «Адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: Әуелі - надандық, екіншісі - еріншектік, үшіншісі - залымдық; Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны». Сондай-ақ «Еріншек етікшіден, елгезек масақшы артық», «Жабайы шөп егінді аздырар, еріншектік ерді аздырар» деген сияқты мақал-мәтелдерді айтып кетуге болады.

Жалқаулық - кежегесі кейін тартып тұратын еріншек адамның қасиеті. Жалқаулық - адамның ең нашар қасиеттерінің бірі. «Алма піс, аузыма түс» дейтіндердің кейпін киген жалқау адамдар көп жақсылықтан құр қалады. Ұлы Отан соғысының Батыры Бауыржан Момышұлы атамыз «Еңбек түбі - рахат, жалқаулық түбі - азап» деген насихат айтып кеткен.
117,909 сұрақ
304,111 жауап
153,374 пікір
65,722 қолданушы