Өз ойым 13.12.2018 жариялады
Тарихқа зер салсақ, қазақ жерінде ықылым замандардан бері анаға,жалпы əйел затына деген құрметтіл ерекше болғаны мәлім. Ол жөнінде көптеген  мысалдарды келтіре беруге болады.Ең басты айта кетерлік мәселе, қыздардың,болашақ аналардың тəлім-тәрбиесі не жауапты қарауымыз керек.Сонымен қатар,қоғамдағы əйелге деген  құрметті, сыйластықты арттыру да маңызды.Елбасы: "Қоғамның даму барысын өмірде-нәзік, көңілде-биік, ал істе-мығым əйелдер қауымынсыз көзге елестету мүмкін емес"-деген болатын.Жалпы еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері гендерлік саясат мәселесінің назардан тыс қалдырған емес.Бұған дәлел, гендерлік жəне отбасылық-демографиялық саясатты жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы əйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрылып, Елбасы Жарлығымен гендерлік саясаттың қабылдануы,Қазақстан əйелдерінің тұңғыш съезінің өтуі жəне т.б шаралар нәзік жандылардың ел дамуындағы маңызды рөлін тағы да дәлелдеп, гендерлік және отбасылық-демографиялық саясаттың одан əрі даму бағытын айқындай түсті.
 Қазіргі таңда нәзік жандылардың мемлекеттік және қоғамдық істерге белсене араласып,түрлі салада табысты еңбек етуі-аса таңданыс тудыра қоймайтын жағдай.Əйелдер ер азаматтрмен қатар мемлекеттік мекемелерде,заң шығарушы органдарда,министрліктерде, ұйымдар мен партияларда, кәсіпорындар мен қоғамдық мекемелерде табысты қызмет атқаруда. Сонымен қатар, еліміздегі гендерлік саясаттың табысты əрі нәтижелі түрде дамып келе жатқандығының тағы бір көрінісі ол-кезінде Қазақстанның гендерлік теңдік пен əйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту мәселесі бойынша БҰҰ-ның Атқарушы комитетіне мүше болып сайланғандығы.Бұл еліздегі гендерлік саясаттың əлемдік деңгейдегі бағасының жоғары екендігін көрсетіп отыр.Əйелдер қауымы,сондай-ақ халқымыздың демографиялық өсіміне де үлес қосуда.Қазақстанда сəбидің өмірге келуі мен оның күтіміне байланысты төленетін төлемдер,аз қамтылған отбасылардағы 18 жасқа толмаған балаларға,көп балалы əйелдердің "Алтын алқа","Күміс алқа" марапаттарына берілетін жəрдемақылардың көлемі жыл санап көбеюде.
 Елбасы қоғамымыздағы тұрақтылық пен еліміздің қалыпты дамуындағы əйелдер рөлінің жоғары екенін атап өткен болатын.Демек,гендерлік саясаттың түпкілікті мақсаты да еліміздің ынтымағын арттырып,жарқын келешегіміздің негізін қалау  деп білеміз. "Ананың ақ сүтімен дарыған" деген ұлағатты сөз бар.Əр балаға ана тілін үйретіп,ұлттық тәрбие беретін де анасы ғой.Сондықтан ана тəрбиенің тұтқасы.Отбасының ұйытқысы.Ал Отан қашанда отбасынан басталанын ұмытпасақ екен.
117,909 сұрақ
304,110 жауап
153,374 пікір
65,720 қолданушы