Өз ойым 6.12.2018 жариялады
«Қазақ ешқашан жетімін жылатпаған, жесірін қорлатпаған. Бұрын «баласын тастап кетіпті» дегенді оқта-текте еститін құлағымыз бүгінде «сәбиін қоқыс жәшігіне, әжетханаға лақтырып кетіпті» деген сұмдық хабарларға үйреніп бара жатыр. Жетімдер үйіндегі бейкүнә сәбилердің жасқа толы көздерін көргенде жүрегім қанжылайды. Кішкентай ғана сәбидің не жазығы бар?-деген ой толғандырады,Осындай іс-әрекетке баратын аналарды ешқандай себеп ақтай алмайды. Ондайларды;жауапсыз,санасыз,тасжүрек адам деп қана атауға болады.
 Жалпы, қыз баланы тәрбиелеу деген сөз, ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Осы тұста ата-ананың берген тәрбиесі де үлкен рөл атқарады.Өз отбасында жылулық көрмеген адам,өзгелерге жанашырлық танытуы екіталай. Алдағы уақытта,осы проблеманы қалай шешуге болады және бұл мәселеге салғырт қарауымызға не себеп?
117,824 сұрақ
303,596 жауап
153,363 пікір
65,473 қолданушы