Өз ойым 6.12.2018 жариялады
Әрбір халық өз жерінде пайда болған адамзат мәдениетінің асыл да бағалы құндылықтарына жататын ескерткіштерді түгендеп, ардақтауы тиіс. Жоғарыда аталған кереметтерден еш кем түспейтін қазақ жерінің де жеті кереметі бар.  Олар: Таңбалы тас суреттері, домбыра, киіз үй, «Алтын адам», Маңғыстау жер асты мешіттері, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, Астана-Бәйтерек кешені.
Енді осыларға қысқаша тоқталып өтсек.
Таңбалы тас суреттері – дәуірінен бастап орта ғасырға дейінгі аралықта қазақ жерін мекендеген қауымдардың барша таным-түсінігінен хабар беретін аса көрнекті археологиялық ескерткіш. Бұл адамзаттың  рухани мәдениетін, анық дүниетанымын білдіретін аса маңызды деректер жиынтығы саналады.
Алтын адам – әлемге әйгілі сақ тайпалары өмір сүрген кезең мен олардың әдет-ғұрыптары, мәдениетін көрсететін тарихи мұра. Есік қорғанынан табылған олжа бүгінде  әлемге  әйгілі. Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне де негіз болып отыр. Осы күнге дейін сақталып келген Алтын адам да қазақтың жеті кереметіне енді.
Домбыра – «нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» бекер айтылмаса керек. Қазақ өнеріндегі асыл мұраларымыздың бірі және бірегейі. Домбыра - көшпелі елдің көнекөз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек  күйі. Ол халықтың тарихи тағдырымен тамырлас. Тарихтың хатқа түспеген талай беттерін паш етіп, халқымыздың тарихнамасына айналады.
Киіз үй – қазақ тарихындағы ең бірінші сәулеттік құрылыс.
Маңғыстау жер асты мешіттері – Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген тұмсығының үзіліп қалған Оғыланды шоқысына қашалған тарихи-сәулет ескерткіші.
Қожа Ахмет Иасауи кесенесі – Түркістан қаласында орналасқан шығыс халықтарының тамаша сәулет өнері жұлдыздарының бірі. Жылда 100-150 мыңнан астам адам келіп тамашалайды. Оларды мұнда сұлулық пен ұлылықтың тылсым сырын білуге деген құштарлық сезімдері жетелейді.
Астана-Бәйтерек кешені – Есіл өзенінің жағасындағы Қазақстанның астанасы Астана қаласында орналасқан заманауи монумент.
Қазақ жерінен жеті ғана емес, жетпіс керемет табылатына сенеміз. Тек оны кейінгі ұрпаққа жеткізу, жастар, біздің еншімізде.
117,824 сұрақ
303,596 жауап
153,363 пікір
65,473 қолданушы