Ашқыштар (12 әріпке жетпей қалды, кешіріңіз)

Қас қарайған мезетте оңаша отырып екі еркек кеңкілдесіп отыр.

– Несін айтайын, өз басым алғашқы істі майда-шүйде сататын дүңгіршек “ашудан” бастадым, – деді біріншісі.

– Е, мен екеуін еңіреттім! – деп екіншісі келте қайырды.

– Маған компьютер сататын дүкен қиынға түсті, – деп бірінші керіліп-созылды.

– Мен де оның екеуін есеңгіреттім, деп екіншісі есінеген болды.

– Құласаң нардан жығыл деп, банк ашқанымды айтсаңшы, – деп бірінші екіншіге барлай қарап еді, ол:

– Е, мен оның екеуін ашқанмын! – деп қойып қалды.

Сәл-пәл үнсіздіктен кейін бірінші:

– Міне, енді сол “ашқыштығымның” арқасында он жылды арқалап темір торлы қапаста отырмын, – деп күрсінген болды.

Екінші де қалыспай:

– Мен бостандыққа бақандай жиырма жылдан соң шығады екенмін, – деп екі есе өсіріп айтуын қайталады.

Сөйтіп, есік, сейф сияқтыларды бұзып ашатын “ашқыштар” оңашада шындарын айтып болып, түрме төсегінде қорылға басты…

Негізі мамандық 22.01.2015 жариялады
116,265 сұрақ
295,203 жауап
152,913 пікір
61,090 қолданушы