Салауатты өмір салты 6.12.2018 жариялады
Қазіргі таңда жастардың басым бөлігі жеңіл әрі жылдам жасалатын тағамдарға әуес.Тез даярланатын та­ғам түрлері әлемнің көптеген ел­де­рі­нің қолданысына енген. Мә­се­лен, алғаш рет, 1921 жылы АҚШ-тың Казнас штатында ашыл­ған White Castle фастфуд ком­паниясы гамбургерлер әзір­леп, тұтынушыларына ұсын­ған. Сол тұста компания иесі Билли Инграм мынадай қу­лық­қа барған. Ол ақ халат киген өз адамдарын ме­ке­ме­сі­нің тұрақты клиенті етіп көрсет­кен. Яғни келушілер «мұн­да тіпті дәрігерлердің өз­де­рі үнемі тамақтанады» деген ойда болған. Осылайша фаст-фуд­тың қауіпсіздігіне күмән кел­тір­меген. Ал 1940 жылы аталмыш компанияға McDonald’s атты ірі мейрамханалар желісі бәсекелес атанды. 1956 жылы McDonald’s-тың АҚШ-та 14 мейрамханасы болса, 1990 жылы 11800-ге жетті. Ал қазіргі таңд­а корпорацияның 119 елде 30 мыңнан астам мекемесі бар.
Бір жағынан, фаст-фуд та­ғам­дары қоғамдық және жеке кө­лік­те болсын, көшеде, жұ­мыс орнында болсын жеуге ың­ғай­лы болғасын, адамдар жиі тұ­тынатыны анық.Әсіресе жастар жеңіл желпі тамақтануды әдетке айналдырған.Бірақ,денсаулықтарына қаншалықты зиянын тигізіп жатқаны толғандырмайды.Америкадақоқыс жәшіктеріфаст-фудтың сырт қабығына толып,шашылып жататындықтан,оны джан-фуд (қоқыс тағам) деп атайды екен.Сондай-ақ, фаст-фуд тағамдарына дәмдеуіш ре­тінде қолданылатын натрий глутамат қышқылы, майонез бен кетчуп, әртүрлі қоспалар және басқа да химиялық заттар адам ден­сау­лы­ғы­на зиян.Сондықтан,дұрыс тамақтанып,денсаулығымызды әзірден бастап қолға алған жөн!
117,824 сұрақ
303,596 жауап
153,363 пікір
65,473 қолданушы