Өз ойым 6.12.2018 жариялады
Асыл дініміз Исламда отбасыға, оның ішінде ер мен әйелдің көркем қарым-қатынасына аса мән береді. Исламда ер мен әйелдің өзіне жараса құқықтары, құрметті мен хақылары бар. Алланың рұқсат еткен нәрсесіне амал етіп, тыйым салғанынан аулақ болған адам міндетті түрде бақытқа кенеледі. Өйткені Жаратушы Иеміз өзінің жаратқан құлына ненің қажет екенін жақсы біледі. Еліміздегі отбасыға қатысты статистикалық мәліметтерді қарайтын болсақ, өкінішке орай, өткен жылы елу мыңнан астам шаңырақтың шаттығы ұзаққа созылмапты. Әрине, бұл жақсылық нышаны емес. Әсіресе ер-азаматтардың өздері таңдап алған жарына талақ айтып, ақ некеге жауапкершілікпен қарай алмауы жанымызға батады. Діни ағымда жүрген кейбір адамдар талақ айтып, ажыраса салуды оңай санайтын болды. Некені ойыншыққа айналдырғандардың себебінен қоғамда жалпы мұсылман жамағатына деген салқын көзқарастың пайда болғаны да жасырын емес.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.у.) жар таңдауда 4 нәрсеге көңіл бөлуді өсиет еткен: «Әйел затына үйлену төрт нәрсеге негізделеді: байлығы үшін, тегі үшін, сұлулығы үшін және діні үшін. Сен діні барын таңда, әйтпесе көп жақсылықтан құр қаласың!».
Расында, әйел баласы ең әуелі ар ұятымен, иманымен көрікті. Иманды әйелдің жаны жақсылыққа құштар болмақ.
Қорыта айтқанда, мәжбүрліктен тыс себепсіз, жөнсіз ажырасу екі жаққа да абырой, жақсылық әкелмейтін іс. Бір-бірін сыйлай білген, сыйлата білген, қадірін біліп құрмет тұтқан жандардың бақыты баянды болмақ. Халқымызда «Ері әйелін сыйласа — ердің бақыт тапқаны, ерін елі сыйласа — әйел бақыт тапқаны» деген нақыл сөз бар.
Алла Тағала мұсылман отбасына берекесін жаудырып, әрбір шаңыраққа шаттық, бақыт нәсіп еткей!
117,824 сұрақ
303,596 жауап
153,363 пікір
65,473 қолданушы