Мен жайлы 100 факт)

1. Өзім жайлы 100 фактты бірінші рет жазудамын, сондықтан @Биология жазған 100 фактты үлгі ретінде пайдаланамын)
2. Мектепте ешқандай мұғалімді жақсы көрмеппін, тек ұстаз ретінде сыйлайтынмын.
3. Қазір жаман бір колледждің студентімін)
4. Мен де бос уақытымда үйде болғанды жақсы көремін)
5. 1996-жылдың Қыркүйек айының тоғызы күні, кешкі 18-дерде туылдым, 09.09.96)
6. Музыка ең жақын досым, соның ішінде рэп жаныма жақын.
7. Өмірде бостан-бос сөйлей бермеймін, керек кезде ғана сөйлеймін, сол мінезімнің пайдасы көп тиді, зияны да баршылық.
8. Жануарлардан ат пен итті және мысықты жақсы көремін.
9. Әрқашан осы өміріме шүкіршілік етемін, Аллаға шүкір..
10. 9 саны өзіме жақын.
11. Ақ, көк, қара түстерді ұнатамын.
12. Достарым аз, бірақ ең сапалылар ғана)
13. Үнемі жанымнан табылатын екі ғана жан досым бар, бірақ оларға да сене алмаймын, қысқасы, тек өзіме сенемін.
14. Клавиатураға мұқият қарап жазамын, қатесіз жазуды жөн көремін.
15. Осы сайт арқылы ешкіммен шынайы өмірде кездеспегенмін, болашақта үш адаммен кездесетінім 100% анық.
16. 2013-жылдың басында тіркелдім осы сайтқа, бұл аккаунтпен емес.
17. 2014-жылдың басынан бері тұрақты қолданып келемін СЖ-ны.
18. Қазір бос уақытым болып тұрады, бос кезде осындамын, СЖ инеттегі үйімдей болып қалған)
19. Менің жазғанымды ешкім оқымаса да жаза беремін)
20. Сайтта қызықтыратын адамдар бар, соларды өмірде қандай екенін көргім келеді)
21. Осы сайттағы үшінші аккаунтым, бірінші аккаунтым есімде жоқ 2013-жылдың басында тіркелгем, екіншісі осы, кейін "Anonimm" болып жүргенмін, қазір ол аккаунтым БАН-да)
22. Кейде білетін сұрағыма да жауап жазуға ерінемін)
23. Жауабын білсем, барлық сұрақтарға шынайы жауап жазғым келеді.
24. Осындағы қолданушылардың ең ұнатпайтыны мен шығармын)
25. Сыйлағанды сыйлаймын, сыйламағанмен мәңгілікке қош айтысамын.
26. Кек сақтай алмаймын, ешкімге кек сақтап жүрген жоқпын.
27. Араласқым келген адаммен тез араласып кетемін деп айта алмаймын.
28. Басым бос емес (қалай түсінсендер де)
29. Үйде төрт баламыз, тұңғышы мен, кейін қарындасым, інім, кіші қарындасым.
30. Бұрындары жазбағанмын 100 факт дегенді.
31. Бойым 175,5 см, салмағым шамамен 58-63 кг
32. Қоңырша келгенмін, қараймаймын да, ағармаймын да)
33. Спиртнойлар ішкім келмейді де, ішпеймін де)
34. Отбасым - бар бақытым.
35. Тас жүрекпін, біреуге шынайы ғашық болсам да, сезімімді білдіруге асықпаймын.
36. Әлеуметтік желіден ВК-ға жиі кіремін, қалғандарына тіркеліп қана қойғанмын, мессенджерлерден Уатсаппқа көп кіремін.
37. Танымал болғым келеді, тек жақсы жағынан.
38. Кеш жатып, ерте тұрамын, бос кезде кеш тұрамын.
39. Өзім бірінші таныспасам, бірінші танысқысы келетіндер уже ұнамай қалады екен маған да)
40. Мен де әр нәрсеге бір қызығамын, тез тастап кетемін жалығып)
41. Адамдарды тез ұмыту мен үшін қиын)
42. Мінезім ауа райына байланысты емес, бірақ құбылмалы.
43. Қатты ашуланғанымда бірдеңені немесе өзімді сындырғым келеді)
44. Өте қатты Эгоистпін.
45. Жаяу жүргенді ұнатамын, бір күн жаяу жүрмесем бір түрлі боп қаламын)
46. Адамдар аз жерді ұнатамын.
47. Қатты қызғаншақпын, қызғанышым тез көрініп қалады.
48. Аллаһ алдында барлық істерім үшін жауап беретінімді білсем де, көп адамға іспен де, тілмен де зияным тиіп кетеді...(
49. Иманы жоқ адамдармен мүлдем араласқым келмейді, бірақ араласып қоя беремін.
50. Мен де кейде апта бойы сайтта белсенді болып жүргендей боламын да, жұмыстан қол тимегенде бірнеше күн кіре алмай кетемін.
 51. Ең бірінші Белсенділік бөлімін міндетті түрде қарап шығамын, сосын хабарландыруларымды)
52. Жауабын білетін сұрағымның нақты жауабын менен бұрын біреу жазса ашуланамын сәл)
53. Біреудің ашуына тиген ұнамайды, менің де ашуыма тигендер ұнамайды..
54. Осы сайт арқылы виртуалды достарды көп таптым, қазір ешқайсысы хәл-жағдай сұрамайды, реалда СЖ-лық достарым жоқ.
55. Көпшілік сияқты мен де Гуглбектің арқасында бұл сайтты таптым.
56. Маған көңілді музыкалар ұнайды көбінесе.
57. Футбол ойнағанды жақсы көремін, 8-сыныпқа дейін Сарыағаш пен мектебіміздің құрамында ойнадым, одан кейін жай көшеде.
58. Айлы Түнде жүрген ұнайды, жаяу.
59. Елес дегендерден қорықпаймын және сенбеймін)
60. Футболдан Шымкенттік Ордабасы мен Каталондық Барселона клубтарына жанкүйермін.
61. Қорқынышты киноларды ұнатамын.
62. Боевик, тарихи, мелодрама, комедия жанрындағы кинолар да ұнайды.
63. Кинотеатрға жиі бармаймын.
64. Хоббиім - ыңғайлы жатып алып құлаққаппен ән тыңдау.
65. Айран, қаймақ, құрт, сүзбе, сүт, қатық дегендер қатты ұнайды, барлық сүт тағамдарын жақсы көремін)
66. Бесбармақ (қамыр), Тұшпара (пельмен), манты тағамдарын тойсам да жей беремін)
67. Бұрын көп нәрсе бүлдірмесем де, қазір қыдыруды онша ұнатпаймын.
68. Күнде ертең өмірімді өзгертемін деймін де, ертесіне сол баяғы қалпындамын)
69. Күткенді жек көремін, бірақ күте білемін.
70. Негізі ойымды қазақша жазған ыңғайлы, орысша ойымды жеткізе алмаймын.
71. Қазақ мектебін бітіргем, мектепте орыс сыныптар да бар еді.
72. Ұстанымым: Еңкейгенге еңкей - әкеңнен қалған құл емес,
Шалқайғанға шалқай - пайғамбардың ұлы емес.
73. Адамның ең ұнайтын қасиеті - имандылығы, шыншылдығы, адалдығы.
74. Намаз оқитындар ұнайды.
75. Өзін биік санайтын адамдар мен үшін б*қпен тең.
76. Өзімді де еш уақытта біреуден жоғарымын деп ойламаймын, бәріміз пендеміз)
77. Мені қызықтыратын қолданушылар 100 факт жазса екен)
78. Мені қызықтыратын қолданушы сен болуың да мүмкін))
79. Ұйқым келсе де, қанша тырыссам да ерте ұйықтай алмаймын.
80. Ұйқым аз, содан ашушаңмын, кейде шаршаңқы жүремін.
81. Менің біреуге көмегім тисе қуанып қаламын, болашақта тұрақты жұмысым да біреуге көмектесетін жұмыс болса екен деймін)
82. Адамдарды кемсіту ұнамайды, бірақ кейде астарлап, әзілдеп кемсітіп қоямын)
83. Кішкентай балаларды қатты жақсы көремін, жаман көретін адам да жоқ шығар.
84. Тезірек әке болғым келеді, бұйыртса 3-4 жылда үйленемін.
85. Найманның қызына үйленсем деймін, қазіргі қызым да найман (қызым емес екен ғой уже)
86. Тұнжырап жүретіндерді түсінбеймін, менің жағдайым сондайларға берілсе сол сәтте өздеріне қол жұмсайтын шығар..
87. Іштей қиналып жүрсем де, қиналғанымды ешкімге білдіре бермеймін.
88. Саябақта қызбен қол ұстасып жүрген ұнайды)
89. Күнделікке бір рет жаздым, кейін жазбай қойдым, сырымды басқалар көріп қойғанын қаламаймын.
90. 2014-жылы ҰБТ тапсырдым, өзім қалағанымша балл жинай алмай, болмайтын колледжге, қаламайтын мамандыққа оқуға түстім, қазір оқып жүргенім шамалы, стипендия алып қана жүрмін ғой)
91. Осы жылы Құдай қаласа, КТ тапсырамын, ЖОО-ға түсу ойымда бар, түсе алмай қалған жағдайда Әскери борышымды өтеп қайтамын..
92. Еске алып, өзімнен өзім еріксіз күлетін оқиғаларым көп болды, болашақта да болады, Аллаһым бұйыртса.
93. Отырып істейтін жұмыстар ұнайды екен, бірақ бұйырғаны болады.
94. Туысқандарым жиналған жерден қалмауға тырысамын, бірақ көбіне қол тимей қалады немесе қырсықтығым ұстап бармай қаламын.
95. Бірнеше жұмысты қатар алып жүрген ұнайды, ештеңеге қол тимей, сонда уақытым бос кетпес еді.
96. Жақын күндері, бұйыртса, солай болып кетемін мен де)
97. Жалпы сұрақ-жауаппен біргемін, кейде белсенділігім болмаса да кіріп тұрамын.
98. Алдағы күндері блогтарды жаңбырша жаудыртамын деген ойым бар)
99. Ұйықтағанымда көзімді жұмып жатамын, @биология-мен ұқсастықтар баршылық екен)
100. Өте дұрыс: Иманы жоқ адам, өмірдің мәнін ұқпайды.
Бітті, барым осы, өтірік қоспадым, бұл блогтан кейін басқалар мен туралы басқаша ойлайтын шығар, мүмкін жаман, мүмкін жақсы)
Шынымды айтсам, өзімді толық жазуым үшін миллиондаған факт керек, бұл 100 факт менің кішкене ғана бөлігім.
Басқалардың 100-факттарын асыға күтемін, күткеніме лайықты болар деп ойлаймын)
Келесі блогтарда кездескенше сау болыңдар)
Мен туралы 100 факт 22.01.2015 жариялады

6 пікір

Күшті  жазыпсыз (:
96 екенсің ғой :)
Иә 96-мын, нешінші жылғы деп жүрсіз?))
мәләдес) тәк держәть)
Факттарды араластырып онша емес блог жазсам да, биологиядан кейін жазсам да, қаралуы жағынан бірінші орында менікі)
менікін де оқитындар бар екен ғо))
қуаныштымын)
Мынаның блогын ешкім қарамай қойыпты ғо)))
116,054 сұрақ
294,517 жауап
152,845 пікір
60,461 қолданушы