Асыңыз дәмді болсын! 25.10.2018 жариялады
Наполеон торты құрамы:

Сары май немесе маргарин – 400 гр
Жұмыртқа – 2 дана
Су – 150 мл
Ұн – 650-700 гр
Сірке суы (уксус) – 3-4 тамшы
Тұз – пышақтың ұшындай
Кремі үшін:

Сары май -300-350 гр
Тәтті сүт (Сгущенка) – 1 банка
Наполеон торты дайындалуы суретімен :

Ұн маргаринді немесе сары майды қосып, үстіне суға 3-4 тамшы сірке суын тұз жұмыртқаларды салып араластырып құйып, қамыр илейміз.
10-12 бөлікке бөліп тоңазтқышқа саламыз.
Наполеон торты тоңазытқыштан шығарып, әр қайсысын жайып, үстін шанышқымен тесіп шығамыз , пешке салып пісіреміз.
Піскен тәтті нандарымыздың 2-3еуін жан-жағын және үстін әсемдеуге алып қоямыз.

Кремді дайындаймыз. Алдымен бөлме жылуымен еріп тұрған сары майымызды миксермен 2-3 минут шамасында араластырамыз, майымыздың үстіне тәтті сүтімізді құямыз , тағыда миксермен араластырамыз.
Наполеон торты кремді әр тәтті нанымыздың арасына жағып шығамыз.
Алып қойған 2-3 тәтті нанымызды қолымызбен үгітіп, жан-жағына, үстіне сеуіп шығамыз. Кремі сіңуі үшін тоңазытқышқа 1-2 сағатқа қоямыз
117,722 сұрақ
302,766 жауап
153,349 пікір
65,094 қолданушы