Қазақ салт-дәстүрлері 30.10.2018 жариялады
Бүгінде санамызда салт дəстүрдің жоғалып бара жатқаны көңілге күмəн туғызып қабырғамызды қайыстыратына белгілі. Десекте толығымен жоғалды дей алмаймыз кешегі күннің кейіпкерлері яғни бір бір үйдің асыл қазынасына айналған ата əжелеріміз əлі күнге салт дəстүрден аттамай сабырды ойлап берік ұстанып жатады. Мен айтып жатқаным кімдер, əрине бүгінгінің жастары, санасына салиқалы сөз бен мағыналы мəтінді сіңдіре алмаған жастар салт дəстүрдің не екенін кайдан білсін. Мəселен байырғы батыр бабаларымыздың байсалды мінезі қайсар қабілеті сіңімді сөз маржан ой түзген ақылы бəрі бəрі ұлт жадында жатталуы тиіс тиянақты ой болып табылады. Салт дəстүрден аттамай сертін сақтап күні бүгінге дейін қастерлеп кие тұтатын улкендеріміз азайып келе жаткандай мыс.  Қазақ байлығының бір бөлігі болып саналатын бұл əдет ғұрыптың астарында өте үлкен мəн мағына жатқаны белгілі. Сонымен қатар ұрпаққа берер тəрбиесіде айтар акылы да мол. Қазақта өз береке өз несібесімен тойланатын түрлі дəстүр қалыптасқан: Мысалы: тұсаукесер, сүндет той, қыз айттыру, шілдехана, бесікке бөлеу, наурыз той, ерулік, сырға салу, ашамайға мінгізу, т.б. көптеген атадан балаға жалғасып келе жатқан дəстүріміз жетерлік. Бірақта бүгінгі күнде сол дəстүрдің қаншылықты маңызды екені екінің бірінің ойына кіріп шықпас. Десекте қазақ халқының байлығы тəрбиелігі қанының тазалығы білімді білікті халық екенін салт дəстүрге қарап ақ тануға болады. Алайда олай қарап танитындай көне көшпенді қазақтар барма бұл күн? Көсемдерше көсіліп шешендерше шешіліп дарбоздай топ бастайтындай ұрпақтың азайып бара жаткандығы көңіл куантпасы анық. Себебі дəстүрімізге курметтің жоқтығыма əлде ұлт санасы төмендеп кеттіме біз үшін əлі күнге жұмбақ болып келеді .

             Абылай xан атындағы Қазақ    xалықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 2курс студенті.         Молдабек Айдана
117,722 сұрақ
302,762 жауап
153,349 пікір
65,094 қолданушы